Әнші Алтынай Жорабаева күйеуі жылына екі рет бриллиант сыйлайтынын айтты. Өнер иесі Instagram парақшасында жұбайынан алған сыйлығын көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Дәстүр бойынша телефон және бриллиант. Рахмет, жаным. Сүйемін", - деді видеода әнші. Сондай-ақ Жорабаева күйеуінің өзіне сыйлық беруі дәстүрге айналғанын атап өтті. "Менің жәннатымның дәстүріне айналған дағдысы: мені 9 тал гүлмен әуежайдан күтіп алу, туған күнге ұялы телефон сыйлау, жылына екі рет бриллиант сыйлау, қыздарға телефон, ноутбук, құлаққап, планшет сыйлау. Сонымен қатар өз анасы мен бауырларына және менің ата-анама ұялы телефон сыйлау дағдысы қанына сіңіп кеткен. Сендей жанды жолықтырған Аллаға шүкір", - деп жазды Алтынай Жорабаева. Естеріңізге сала кетейік, Алтынай Жорабаева осыдан бірнеше жыл бұрын бірінші жұбайы Сәбит Әбдіхалықовтан ажырасқан болатын. Төрт қызымен қалған әнші 2020 жылы қайта тұрмысқа шықты.