"Алтынай тәте жақтырмайды": Айгүл Иманбаева ұлын әкесінің үйінен жылап келетін кезін еске алды

Отандық әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева көпшілікке отбасы жайлы ел білмейтін құпиясын бөлісті. "Өмірдің өзі" бағдарламасында ұлы Асылжанның әкесінің үйінен жылап келетін кезін еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Айта кетейік, аталмыш бағдарламаны Айгүл Иманбаеваның ұлы Асылжан Әбдімүтәлиев жүргізеді. "Мен әкем мен шешемнің тағдырын қайталадым ғой. Сол ұлыма өтпесін дедім. Бір жерлерде қателік жіберіп, өтіп кеткенін білемін. Бірақ, сол тамыр қуалап кетпесе екен, балам қазір шешіп алса екен деп, әкем мен шешем жіберген қателікті жасамауға тырыстым. Қызғанбауға тырыстым. Әкеңмен араласқаныңды қаладым. Қайта-қайта жіберіп тұрдым. Кезінде сен қанша қаламағанмен де, Алтынай (Жорабаева - ред.) мен Сәбит (Әбдіхалықов - ред.) бірге тұрып жүргенде жібердім. Бала кезде "Алтынай тәте жақтырмайды" деп барғың келмей жылап келетінсің. Сонда да әкеңе сені жақындата беруім - менің жеңісім сияқты көрінеді. Өйткені, менің жүрегім тыныш, балам әкесіз емес. Қанша жерден екеуі екі бөлек кетсін, үйленсін, күйеуге тисін, мәселе онда емес. Мәселе, сол әке мен шешенің кіндігінен шыққан баланың психикасын бұзбай, дер кезінде тоқтатып, дер кезінде екеуімен де араласуында. Санаң, ақылың, өрең жетіп тұрғаннан кейін, осы нәрсеге тыныш жағдайда қарау керек. Аралассын, неге араласпайды? Неге бармайды? Неге көмектеспейді? Басқа анадан туған бауырларын тартпайды? Мұның барлығы мен үшін қалыпты, өзінше әдемі картина", - деді Айгүл Иманбаева. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
“Бұл өнердің шегі жоқ“. Каллиграфия арқылы әлемдік брендтерге ұсыныс алған қазақ қызы
1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қанша теңгеге өсті?
Жаңақорған ауданында 124 отбасы баспаналы болды
Қысқы Универсиадада Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды
Тұман, көктайғақ күтіледі: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды
Әлемнің ең қарт адамы қайтыс болды
Жабық жолға шыққан жүргізушілерге қандай жағдайда айыппұл салынады?
Нұрқожа Қайпанов: «Шавкат Белал Мұхаммедті сенімді түрде жеңеді»
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Бүгін Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Алматыда орташа жөндеу жұмыстары 300 км жолды қамтиды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді