Ақтауда шағын аудандардың біріндегі жолда тұрған белгі қалалықтарды таңырқатты. Жағдайға полиция қызметкерлері араласқан.Басылымның жазуынша, Ақтау тұрғыны жетінші ықшамаудандағы үйлердің біріне қарама-қарсы жол бойында тұрақ белгісін байқаған. Белгіде мүлік агенттігінің клиенттері көліктерін қалдыра алатыны көрсетілгген. "Мұндай көлік тұрағы қаншалықты заңды?", - дейді жергілікті тұрғын. Ақтаудағы жол белгісі. Жағдайға полиция қызметкерлері араласты. Тәртіп сақшылары жолдағы темір белгіні алып тастады. Полиция департаменті мұндай жағдайда 102 нөміріне хабарласу керектігін еске салды.