Әнші Ерке Есмахан күні кеше сүйінші сұрап, көпшілікке бейнебаяны арқылы аяғы ауыр екенін жеткізген болатын. Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында жұлдызды жұпқа тілегін білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Ерке, аман-есен аяқ-қолыңды бауырыңа ал. Өздеріңе шығармашылық табыс тілеймін", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы. Айта кетейік, ерлі-зайыпты Раим мен Ерке Есмахан көпшілікке алғашқы бірге орындаған әндерін ұсынды. "Бұл махаббат" деп аталатын әннің бейнебаянынан Ерке Есмаханның аяғы ауыр екенін көруге болады. "Сүйінші", - деп жазды Ерке Есмахан. Ал Youtube желісінде бейнебаянды көргендер бұл жаңалыққа қуанышты екендерін жеткізді. "Бұл не деген қуаныш, бұл не деген бақыт", "Керемет, сіздерді жақсы көремін", "Жарайсыздар", "Бөпеңізді аман-есен қолыңызға алыңыз", "Еркеге аяғы ауыр болған күшті жарасады, көзімнен жас шығып кетті", - деп жазуда желідегілер.