Бірқатар шоу-бизнестегі қыз-келіншектер отбасындағы жақсы жаңалықтарымен бөлісіп, сәби күтіп жүргенін жариялаған еді. Танымал әнші Мәдина Сәдуақасова да жақын күндері көпшіліктен сүйінші сұрамақ болғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.“Көптеген әріптес қыздарымның жақсы жаңалықтарын естіп қуанып жатырмын. Өзім ұзатқан жас қыздар болсын , қатарымдағы өзіммен жасты қыздардың да “тсс, ешкімге айтпай, жар салмай, аман-есен босанып алайын“ деп жүргендері де бар”, –дейді әнші өнердегі әріптестерінің қуанышына ортақтасып.Өнер иесі де көптен күткен сүйінші жаңалығымен бөліспек болған. “Мен де осы уақытқа дейін үндемей, керемет қуанышты жаңалығыммен енді бөлісемін деп жүргенде ол болмай қалды. Жарайды… Әлі уақыт бар. Бұйырар. Барлық сәби күтіп жүрген қыз- келіншектерге дені сау, он екі мүшесі түгел бөпелеріңізді аман-есен босанып алыңыздар. Ең керемет құттықтау осы ғой, шіркін. Бұйырсын”, – деп жан сырын ақтарды Мәдина Сәдуақасова. Әншінің көңілі түскенін байқаған желі қолданушылары барынша қолдау көрсетіп, жылы лебіздерін білдірді. “Ануардың артынан сәби сүйіңізші, тілекшімін”, “Өзіңізге ұқсаған әдемі қыздың анасы болуыңызға тілектеспін”, “Сізге де жұғысты болсын”, Жассыз ғой, үмітіңізді үзбеңіз”, “Сізге де бұйырсын”, – деп жазды желідегілер.