"AMANAT"-та мәслихат депутаттарына арналған тың бағдарлама басталды. Осыған орай "Мәслихат депутаттарының қызметін саяси SMM арқылы ілгерілету" атты семинар-тренинг өтті. Іс-шара барлық деңгейдегі мәслихаттардың 2600-ден астам депутаты үшін партияда көзделген халық қалаулылары корпусын жаңарту стратегиясының ажырамас бөлігі саналады. Оқыту жұмысын «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы ұйымдастырды. Академия директоры Елдос Нұрланның айтуынша, мәслихат депутаттарына партиялық вертикальға толық қосылуға, әдіснамалық және ұйымдастырушылық қолдауды пайдалануға мүмкіндік беру маңызды. Елдос Нұрлан, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Сіздер жергілікті бюджеттерді белгілейсіздер. Жергілікті даму бағдарламасын жүргізесіздер. Енді жалпы мына жер-жердегі жамағатпен кездескен де бірінші болып бетпе-бет келетін өздеріңіз. Сондықтан сіздердің коммуникацияларыңызға тиімді, коммуникацияларыңызға түсініспестіктін болмауына және егер қоғам ішінде қайсы бір наразылық болса, соның оңтайлы шешуіне тікелей сіздерге байланысты. Дәрісті еліміздегі масс-медиа саласындағы танымал сарапшылар өткізді. Айта кетейік, семинар-тренингтер қаңтар-сәуір айларында еліміздің барлық өңірінде ұйымдастырылады. Ерлан Мүсіпов, «KOZILDIRIK MEDIA GROUP» PR-АГЕНТТІГІНІҢ БАСШЫСЫ: Әлеуметтік желілер – коммуникацияның негізгі құралы, адамдар ақпаратты сол арқылы алады. Оны қарапайым әрі барынша түсінікті тілде жеткізу керек. Біз ақпараттық кеңістікте жұмыс істеудің түрлі құралын үйретеміз. Барлық адамда смартфон бар. Тіпті менің зейнеткер ата-анам да TikTok немесе WhatsApp арқылы ақпарат алады. Мәдина АЖИКЕНОВА, АСТАНА ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Осы "AMANAT" партиясы орталық аппаратының ұйымдастыруымен депутат әріптестерімізбен бірге пилоттық жоба. Алғашқы семинар-тренингке қатысып жатырмыз. Бұның басты мақсаты депутаттарымыздың жұмыстарың, іс-әрекеттерін халықпен бірге жұмыс жасап жатқандарымызды көрсетіп, біліктілігімізді арттыру.Осы "AMANAT" партиясы орталық аппаратының ұйымдастыруымен депутат әріптестерімізбен бірге пилоттық жоба. Алғашқы семинар-тренингке қатысып жатырмыз. Бұның басты мақсаты депутаттарымыздың жұмыстарың, іс-әрекеттерін халықпен бірге жұмыс жасап жатқандарымызды көрсетіп, біліктілігімізді арттыру.