Тараз қаласында мәдениет және медиа-индустрия қызметкерлері арасында футзалдан «AMANAT CUP» чемпионаты өтті. Жұлдызды жастардың басын қосқан турнир «AMANAT» партиясы мен «Жастар рухы» Жастар қанатының қолдауымен екінші рет ұйымдастырылды. Доп додасында 6 команда бақ сынады. Ақерке ЕСКАНДИРОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Басты мақсаты медиа саласында қызмет етіп жүрген жастарды салауатты өмір салтына баулу және олардың бос уақытын тиімді өткізу. Жұмысшы жастар арасынанда ұйымдастарылып тұрады, түрлі аймақтарда. Нақты жұлдызды лига бұл медиа саласындағы командаларға арналған ойындар. Екі күнге созылған доп додасында «TARAZ PRESS» командасы бас жүлдені олжалады. Олар ақтық сында "Жайдарман" құрамасын 8:2 есебімен жеңді. Ал үшінші орынды «QURMAN» және «AIBAR GRAD» командалары өзара бөлісті. Сондай-ақ, үздік ойын көрсеткен ойыншылар арнайы номинациялармен марапатталды. Нұржан ТУҒАНБАЙ, «TARAZ PRESS» КОМАНДАСЫНЫҢ КАПИТАНЫ: Тараздың төрінде тұрып, өзіміздің жергілікті жанкүйерлердің алданда жеңіске жеткеніміз біз үшін үлкен, сырттағы жеңіс бөлек өз үйімізде өз алаңымызда жеңіске жеткеннің әсері ерекше болады екен. Толқыныста тұрмын. Қуаныштымын! Барлық командаластарды, жігіттердің барлығын осы жеңіспен құттықтаймын.