«AMANAT» депутаттары тасқынға тосқын қою шараларымен танысты

Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Нартай Сәрсенғалиев, Еділ Жаңбыршин, Ринат Зайытов және Мәжіліс депутат Абзал Құспан Батыс Қазақстан өңіріне барып, су тасқынының алдын алу мақсатында бөгет соғылып жатқан аумақтарды аралады.Алдымен депутаттар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде орналасқан жедел штабтың жұмысымен танысты. Халық қалаулысы Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, Ресей Федерациясына қарасты Орынбордағы су тасқыны бірер күнде осы Батыс Қазақстан облысына жетуі мүмкін. «Орынбордан аққан судың тек 5%-ы ғана жерге сіңіп үлгереді. Өкінішке қарай, қалған су Оралға келеді. Соған байланысты қолда бар күшті, ресурсты ең алдымен осы өңірге жұмылдыру қажет. Тасқынға тосқын болатындай тас-түйін дайын болуымыз керек. Қазір аймақта барлық жұмыс жүріп жатыр. Жергілікті билік апаттың алдын алу мақсатында жүйелі жұмыс істеуде», – деді депутат. Өңірде қарғын сауға қарсы қабылданып жатқан шаралар жөнінде департамент басшысы Руслан Қасыбаев және облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов баяндады. Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, өңірде су тасқыны қауіп әлі сейілген жоқ. Мәселен, аймақтағы 12 ауданның 8-інде жағдай тұрақтанса, Жайық өзені бойында орналасқан қалған 4 аудан және Орал қаласына әлі қауіп төніп тұр. «Жайық өзені бойында орналасқан Орал қаласы мен аймақтағы 84 ауылды қорғау жұмыс жалғасуда. Ауылдар айналасына дамба тұрғызу жұмысы жүріп жатыр. Облыс аумағында 300-ге жуық техника жұмыс істеуде. Үкімет тапсырмасына сәйкес, өзге өңірлерден арнайы техникалар жіберілуде», – деді Қалияр Айтмұхамбетов.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Теннисші Денис Евсеев Гонконгтағы турнирді сәтті бастады
Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған ұшақта қазақстандықтар болды ма
Моңғолиядағы қазақ балуаны «Президент кубогында» екінші орын алды
Ильхам Алиев: Бұл қайғылы оқиға үлкен сынақ болды
Бибісара Асаубаева рапидтен әлем чемпионатында үздік ондыққа енді
Алматылықтарды сүйсіндірген патрульдік полицей
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Президент марапаттаған азаматтардың тізімі жарияланды
Ядролық медицина орталығы жылды қорытындылады
Қазақстан жастар құрамасы жер болды
Ақмарал Әлназарова қазақстандықтар алғыс айтты
Грузияның жаңа президенті қызметіне кірісті
Комитет төрағасы тағайындалды
Оңтүстік Корея бір апталық аза тұту жариялаls
Үш облыста ауа райының бұзылуына байланысты жолдар жабылды
Сенаторлар Алматы полициясында есеп беру кездесуін өткізді
Президент бір топ қазақстандықты мемлекеттік наградалармен марапаттады
«Небәрі 29 секунд»: Ақтау маңында құлаған ұшақтың капитаны өлер алдында бір сөз айтқан
Ақтөбеде құдыққа құлап кеткен адам құтқарылды
Ұлытау облысында жоғалып кеткен 5 адам табылды
Тәртіп сақшысының қайырымды ісі көпшіліктің жүрегін елжіретті
Астанада 24 мектеп ашылды
Оңтүстік Кореяда жеті күндік аза тұту жарияланды
Моңғолиядағы қазақ балуаны «Президент кубогында» екінші орын алды
Қызылордада есірткі притоны жойылды