«AMANAT» фракциясы 22 заң жобасына бастамашыл болды, - Е.Бейсенбаев

Өңірлерде «AMANAT» партиясының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының бірінші форумы өтіп, онда аймақ басшылары есеп берді. Қызылорда облысындағы жиынға «AMANAT» фракциясының жетекшісі, депутат Елнұр Бейсенбаев қатысты.Сыр өңірінде жергілікті және Мәжілістегі фракция мүшелері арасындағы байланыс жүйелі жолға қойылған. Соның негізінде партияның сайлауалды бағдарламасы нәтижелі жүзеге асырылып келеді. Форумда сөз алған Елнұр Бейсенбаев аймақтағы фракция жұмысының негізгі бағыттарына тоқталды. Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Партияның Мәжілістегі фракциясы есепті кезең ішінде қарқынды жұмыс атқарып қазіргі таңда 22 заң жобасына бастамашыл болды. Бастамашыл дегеніміз яғни, заң жобаларының барлығын біз дайындаймыз. Сондай-ақ, 128 заң жобасы қарастырылды. 40 заңға мемлекет басшысы қол қойды. 58 заң сенатқа жолданды. Оған фракция мүшелері 665 түзету енгізді. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев шекара маңындағы аумақтарды дамыту жобалары ерекше басымдыққа ие екенін айтты. Ондағы құрылыс нысандары мен инфрақұрылымды дамыту жобаларына, интернетпен қамтамасыз етуге баса назар аударылаған.Сондай-ақ өңір басшысы басты назарды жылу көздерінің үздіксіз жұмыс істеуіне аударды. Жаз бойы партия мүшелері де жылу маусымына дайындықты ерекше бақылауда ұстаған. Сайрангүл ЖҰМАДІЛОВА, «АМАNАТ» ПАРТИЯСЫ ШҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Жол картасында 96 іс-шара жоспарланған. 96 іс-шараның 47-і орындалды. Қалған 49-ы орындалу үстінде. Жол картасының әрбір іс-шараларында депутаттар бекітілген. Бұл депутаттар осы жол картасының орындалуының басты бақылауда ұстайды. Ең негізгісі облыс әкімі жол картасының орындалуын басты бақылауда ұстап отыр. Оралдық депутаттар да «АМАNАТ» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындауға ат салысып келеді. Депутаттардың айтуынша, бүгінде партиялық жобалар да халықты кеңінен қамтыған. Осы жобалар арқылы мұқтаж жандар мен балаларға көмек көрсетіліп, біраз мәселе шешімін тапты. Бұл бұқараның партияға сенімін оятып, ортақ іске жұмылдырды, дейді депутаттар. Мұрат МҰҚАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ БҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Қоғамдық партиялық бақылау жүйесінің пәрмені артып келеді. Сайлаушыларының аманатын арқалаған партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуы басты бақылау нысанына айналды. «Жер аманаты» жобасы аясында 136 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. «Ауыл аманаты» жобасы аясында 5 млрд 598 миллион теңгеге 837 несие берілді. Жамбылда тұрғын үй кезегінде 37 мыңнан астам адам тұр. Оның 16 мыңнан астамы - халықтың әлеуметтік осал топтары. Жыл басынан бері 607,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, тағы 74 үйдің құрылысы қарқын алған. Нұржан КАЛЕНДЕРОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін қолайлы өмір сүру жағдайын жасау басты міндеттердің бірі. Ағымдағы жылы халықтың әлеуметтік осал топтарымен көпбалалы отбасылар үшін 7,6 млрд теңгеге 797 пәтер сатып алу жоспарлап отырмыз, бүгінде 123 пәтер сатып алынды. Өңірде тұрғындарды таза ауыз сумен қамту мәселесі де тиянақты түрде жүргізілуде. Жыл соңына дейін 47 нысанның құрылысы аяқталады. 11 елді мекендегі тұрғын үйлер табиғи газға қосылады. Бұл да жыл соңына дейін толығымен аяқталмақ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Тұман, көктайғақ күтіледі: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тұман, көктайғақ күтіледі: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды
Жабық жолға шыққан жүргізушілерге қандай жағдайда айыппұл салынады?
Нұрқожа Қайпанов: «Шавкат Белал Мұхаммедті сенімді түрде жеңеді»
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Бүгін Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Алматыда орташа жөндеу жұмыстары 300 км жолды қамтиды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты