«AMANAT» фракциясы Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыруды құқықтық тұрғыда қамтамасыз ету жұмысын бастады

«AMANAT» партиясы жанындағы Экономика, цифрландыру және инновацияларды дамыту мәселелері жөніндегі республикалық кеңес отырысында Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауы талқыланды. Ұлттық экономика, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің, сондай-ақ Halyk Bank-тің өкілдері Президент тапсырмаларын жүзеге асыру жөніндегі жоспарымен бөлісті. Мәжіліс депутаты, Кеңес төрағасы Екатерина Смышляева Мемлекет басшысының Жолдауында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру аясында сараптамалық талқылаулар өткізудің маңызын атап өтті. Екатерина СМЫШЛЯЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:Президент Жолдауында экономикалық және қаржылық көп мәселе қамтылды. Бұл – біздің Кеңес атқаратын жұмыстың өзегі. Мұндай талқылауларда Кеңес құрамындағы сарапшылар қауымын тарта отырып, алға қойылған міндеттерді жүйелі жүзеге асыру көзделеді. Бұған қоса, Жолдауда жүктелген тапсырмалардың тиімді орындалуын құқықтық тұрғыда қамтамасыз ету де аса маңызды. Кеңес мүшелері Жолдауда жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға қатысты өз пікірлерін білдірді. Кеңес төрағасының орынбасары, АХҚО басқарушысының кеңесшісі Аманжан Жамалов Президент бастамаларын жүзеге асыруды қаржыландыру көзіне қатысты алаңдаушылық білдірді. Аманжан ЖАМАЛОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:Мемлекет басшысы алға қойған басты мақсат – 2029 жылға қарай ЖІӨ-ні екі есе арттыру. Мұндағы басты мәселе – жоспарды жүзеге асыруға қажет қаражатты қайдан алуға болады? Бұл жұмыс бюджеттік және бюджеттен тыс ауқымды инвестицияны қажет етеді. Қазірдің өзінде мемлекеттің әлеуметтік және басқа да шығындар бойынша жүктемесі ауырлап отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанның Жапониядағы жаңа елшісі тағайындалды
Мәскеуде Ауғанстан жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті
Тоқаев Жапониядағы елшіні ауыстырды
Алматы әкімдігінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау алдын ала қорытындыланды
Ұлттық банк алаяқтар туралы айтты
"Дарын" жастар сыйлығы жеңімпаздарының тізімі жарияланды
13 өңірге дауылды ескерту жарияланды
Қоспаев ісі. "Никольский" базарын шетелдіктерге сатып жібермек болған
Басым салалардағы жобалар: 25 мың жұмыс орны құрылады
8 жасар қазақ баласы шахматтан Азия чемпионы атанды
Алматы әкімдігі 2024 жылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі көрсеткішті жақсартты
Тоқаев Жапониядағы елшіні ауыстырды
Қазақстанның Жапониядағы елшісі тағайындалды
"Дарын" сыйлығының иегерлері анықталды
Қазақстанның Жапониядағы жаңа елшісі тағайындалды
Қазақстанның Жапониядағы елшісі қызметінен босатылды
Тоқаев Қазақстанның Жапониядағы елшілігінде ауыс-түйіс жүргізді
Үкімет: Елде 25 мың жұмыс орны ашылады
Қоспаев ісі: тәркіленген мүлік шетелдіктерге сатылмақ болған
Президент Қазақстанның Жапониядағы жаңа елшісін тағайындады
Қазақстанның Жапониядағы елшісі қызметінен босатылды
Қайтарылған активтердің 1,2 млрд теңгесіне Ұлытау облысында мектептер салынады
Үкімет: Ұлытау облысында қайтарылған активтерден 1,2 млрд теңгеге мектеп салынады
Қоспаевқа қатысы бар “Никольский“ базары шетелдіктерге сатылмақ болған