Мәжілістегі «AMANAT» фракциясының депутаттары өңірлерге шығып, халықпен кездеседі. Сапар барысында өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралап, азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдаулар өткізбек. Бұған дейін фракция мүшелері 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру үшін жол картасын бекіткен. Сол арқылы 78 миллион шаршы метрден асатын жаңа тұрғын үй салу көзделген. Мектепке дейінгі білім бойынша 300 мың жаңа орын ашу, 1,5 млн оқушы орнын құру да жоспарда бар. Сондай-ақ, жүйелі жұмыс істелсе халық 100 процент сумен қамтамасыз етіледі – дейді.Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Аймақтық жол картасында көрсетілген бойынша мақсат-міндеттердің орындалуына мән беру қажет. Аймаққа барғанда сумен қамтамасыз ету, әлеуметтік құрылыс, жылу энергетика нысандарына танысу міндетті. Барлық өңірлік филиалдар осы міндеттемені қоссын. Бұл істе аймақтық филиалдар депутаттармен тығыз әрі нәтижелі жұмыс атқаруды тапсырамыз. Барлық мәселені бүге-шүгесіне дейін анықтап, ойдағыдай атқаруға әлі де уақыт бар. Кездесулерде, мейілінше, барлық әлеуметтік топтар қамтылуы тиіс.