Мәжілістегі «AMANAT» фракциясының мүшелері 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қарады. Партиялықтар жалақы мен жәрдемақыны өсіру мәселесін де көтерді. Сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету маңызды екенін айтты. Ол үшін 2025 жылға дейін 650-ден аса денсаулық сақтау нысанын ашу жоспарланған. Оған 2,5 триллион теңге қарастырылды. Бұдан бөлек, "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 369 мектеп салынады. Жалпы, республикалық бюджеттің 2024 жылға арналған шығысы - 24, ал трансферттерді есепке алмағандағы кіріс көлемі - 16,1 трлн. теңге болады деп жоспарланған.Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Депутаттар талдау кезінде бюджетті біз рекорд жасадық деп айтуға болады. 1 трлн 400 млрд теңгеге дейінгі сомманы біздің депутаттар ұсыныс түзетулер берген. Бірінші кезекте Мемлекет басшысының халқына Жолдауы, сайлауалды бағдарламасы мен «AMANAT» партиясының бағдарламасындағы уәделерін уақытында орындауымыз керек. Ол үшін бюджеттік процесті тоқтатуға болмайды. Бұл біздің үкіметпен бірге, халықтың алдындағы, қоғамның алдындағы ортақ жауапкершілігіміз.