Астана қаласындағы партиялықтар елордадағы«TALQYLAU» диалог алаңының отырысында Президенттің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары»Жолдауын талқылады.«АMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Сақтаған Сәдуақасов Мемлекет басшысы өз Жолдауында еліміздегі маңызды мәселелердіқозғағанын атап өтті. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымның тозуына баса назар аударды. «Елімізде ең өзекті мәселенің бірі – сумен жабдықтау. Президент су ресурстарын үнемдеп пайдалану, суды үнемдейтін технологияларды енгізу қажет екенін атап өтті. Мәселен, партияның қалалық сайлауалды бағдарламасы аясында нөсеркәрізімен тазарту құрылыстарының мәселелері шешіледі. Келесі жылы «Нұрлы жол» вокзалы аумағында коллектор және Оқушылар сарайы аумағында нөсер кәрізі салынады. Сондай-ақ, Президент өз Жолдауында тұрғындардыкөгілдір отынмен қамту жұмысын жалғастыруды тапсырды. Осы мақсатта, қалалық сайлауалды бағдарламасы аясында орамішілік қазандық қондырғыларын газға ауыстыру, алдағы үш жылда бірқатар тұрғын-үй алабын газдандыру көзделіп отыр», – деді ол. БиылМемлекет басшысы мектептегі білім сапасына ерекше назар аударып, елдегі демографиялық өсім білім алуға деген сұранысты арттыратынын атап өтті.«Дәлірек айтсақ, «АМАNAT» партиясы Астана қалалық филиалының сайлауалды бағдарламасы аясында 2027 жылға қарай 53 мектеп салу көзделуде. Жыл сайын елордаға 50 мыңға жуық адам көшіп келеді. Оның көбісі – мектеп жасындағы балалар. Биыл 27 мың бала бірінші сыныптың табалдырығын аттады. Мектеп саны әлден жетіспей жатыр. Бұл мәселенішешуіміз керек»,– деді Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов. Еңбек қатынастары академиясының бас директоры Бибігүл Нұрашева ең төменгі жалақы мөлшерін көтеру бастамасына қолдау білдірді. Бұл шешім шамамен 1,8 млн отандасымыздың әл-ауқатын арттыруға оң әсерін тигізеді. «Ел Президенті өз Жолдауында еңбек қатынастарына ерекше назар аударды. Бүгінде білім беру және медицина салаларындағы мамандардың жалақысы өсуде. Мемлекетіміздің мерейін асырып, деңгейін жоғарылатқысы келген әрбір азамат оң өзгерісті ең алдымен өзінен бастауы керек. Біздің тек құқығымыз ғана емес, мемлекет алдындағы міндеттеріміз де бар»,– деді ол. Сондай-ақ, Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Дәулет Тұрлыхановта елордадағы «TALQYLAU» диалог алаңының отырысында өз ойын ортаға салды. «Жолдау елімізде экономикалық реформалар жүргізуге мүмкіндік беретін ақпарат көзіне айналды. Өз басым, Мемлекет басшысының бастамаларын толық қолдаймын. Біз Жолдауда айтылған міндеттерді жүзеге асыруға айрықша атсалысуымыз керек», –деді ол. М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының директоры Ернар Жұматаев Президент Мәдениет және ақпарат министрлігін құру туралы шешімді уақтылы қабылдағанын айтты. «Менің ойымша, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы бастамалар – өте оңтайлы. Спорт пен мәдениет салаларының жеке-жеке бөлінуі біз үшін үлкен жетістік. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін одан әрі жаңғыртудың маңызды факторы азаматтық мәдениетті дамыту саналады. Бұл ретте, зиялы қауым өкілдері де ерекше рөл атқарады»,– деді ол. Еске сала кетейік, бұған дейін «AMANAT»Төрағасы Ерлан Қошанов партия активімен кеңес өткізіп, партияның Орталық аппараты мен өңірлік филиалдарының алдына отандастарымызға Жолдауды түсіндіру және Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыруға партияныңбарлықресурсын жұмылдыру бойынша бірқатар нақты міндет қойған еді. Атап айтқанда, Жолдаудың басымбағыттары орталық және облыстық деңгейлердегі «TALQYLAU», «Bir Tolqynda» диалог алаңдарында талқыланады.