Қатон-Қарағай - еліміздегі ең үлкен ұлттық табиғи парк. Оның аумағы -645 мың гектар. Екінші Швейцария атанған өлкедегі орманшылардың басты мәселесі – кадр тапшылығы, техниканың тозуы және төмен жалақы. Осы проблемалар бойынша «АМАNАТ» партиялық бақылау департаментінің мүшелері ұлттық табиғи парк қызметкерлерімен кездесті. Жиында таңғажайып табиғатты өрттен қалай қорғау керектігі талқыланды. Сондай-ақ ұлттық парк өкілі соңғы жылдары орман шаруашылығы кәсіпорындарын өрт сөндіру техникасымен жабдықтау айтарлықтай жақсарғанын, бірақ тракторлар мен автокөліктерден басқа заманауи дрондар да қажет екенін айтты. Арнас АУГОНБАЕВ, "КАТОН-ҚАРАҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІ" БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:Орман өрт сөндірушілерінің өміріне қауіп төндірмес үшін желдің бағытын, оның күшін білу керек. Дрондар сол үшін қажет. Орман өртінің алғашқы жарты немесе бір сағаты өрттің тұтануының негізгі уақыты болып табылады. Сондықтан басты құрал-жабдықтар өрт болып жатқан аумаққа тез жетіп, дер кезінде сөндіруді бастау керек. Қазір орман өрт сөндірушілерінің орташа жалақысы -80 мың теңге. Орманшылар мұндай айлықпен жастарды бұл мамандыққа қызықтыра алмайсың, дейді. Венера ЕСІЛБАЕВА, "AMANAT" ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:Мониторингілеу жұмыстарын жүргізу үшін бірқатар бір техникалардың жағдайлардың жетіспеушілігі, содан кейін жалақының төмендегіне байланысты қызметкерлердің кетіп қала беруі, көбінесе сол жалақы, қаражат мәселесіне келіп тоқталып жатыр.