«AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының жиыны өтті

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Астанада «AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының жиыны өтті. Онда нәзік жандылардың қоғамдық және саяси өмірдегі рөлін нығайту мақсатында қабылданып жатқан шаралар мен олардың құқығын қорғауға бағытталған заңнама мәселелері талқыланды. Партияның Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек Әйелдер қанатының бастамасымен жүргізген гендерлік квоталар кеңейтілгенін атап өтті. Ерлер мен әйелдердің теңдігі – демократиялық принциптердің ажырамас бөлігі, деді ол. Сондай-ақ, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Жұлдыз Сүлейменова жуырда ғана Парламенттің төменгі палатасы қабылдаған әйел мен бала құқықтарын қорғауға негізделген Заң жобасына тоқталды.Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:Заңда денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру, ұрып соғу, суицидті насихаттау, суицидке итермелеу, 16 жасқа толмаған адамдарға жыныстық қорлап тиісу және басқа да әрекеттер криминализацияланды. Киберқауіпсіздік яғни, комьютер арқылы да осындай жыныстық қорлап тиіскені үшін қылмыстық жауап күшейтілгенін атап өткіміз келеді. Үнзила ШАПАҚ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:Қазір мемлекеттік қызметшілерді гендерлік теңдік, гендерлік сезімтал саясат негіздеріне және бюджетті құруға үйрету процессі жүргізіліп жатыр. 2024-2025 оқу жылында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетінде және Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінде магистрлік бағдарламамен гендерлік зерттеулер академиялық курсын енгізу жоспарлануда.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қысқы Универсиада: Шайбалы хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы белгілі болды 
Күн күрт суытады
Полицейлер қорқор әуесқойларын “аулады“: видео
Елімізде -27°C-қа дейін күн суытады
Лос-Анджелесте өрт қоюшы күдікті ұсталды
ПАТОЛОГИЯСЫ БАР БАЛАЛАРҒА БІЛІКТІ КӨМЕК
Доллар бағамы тағы көтерілді
Тарихи алтын: Дінмұхаммед Райымқұлов фристайл-акробатикадан жеңімпаз атанды
Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау – маңызы зор мамандық
Алматыда есептеу құралдары жоқ тұрғындарға суды тұтыну нормалары өзгерді
Енді елімізде дәрі QR-код арқылы беріледі
Президент Нұрлан Сауранбаевты қабылдады
Мектеп асханаларында тұз бен қант мөлшері азайтылады
Алматыда полиция есірткіге қарсы әлеуметтік жарнаманы шығарды
Криштиану Роналду 2026 жылғы Әлем чемпионатына қатысты жауап берді
Криштиану Роналду: Еурода ойнағым келеді
Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері өзгерді
Калифорниядағы Болашақ стипендиаттары қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырылды
Президент әлемге белгілі кәсіпкер және жасанды интеллект саласындағы сарапшы Ли Кай-Фуды қабылдады
Комментарийдің жазасы
Тоқаев Мағауиннің отбасына көңіл айтты
180 млн-нан 1,5 млрд теңгеге дейінгі шығындар: Қазақстанның ең тиімсіз мемлекеттік компаниялары
Қазақстанда биыл жинақтаушы зейнетақы өседі
Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды