«AMANAT» партиясы Еңбек министрлігімен бірге «Жастарға жұмыс» жобасын іске қосты. Бүгін партияның Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев пен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова тиісті құжатқа қол қойды. Сондай-ақ, Партияның Атқарушы хатшысы Мемлекет басшысы өзінің сайлауалды бағдарламасында жастар саясатының тұжырымдамасын қайта қарауды және «Жастар үшін» деген көзқарастан «Жастармен бірге» қағидатына көшуді ұсынғанын атап өтті.Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ: Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында биыл енді 2023 жылдан бастап жастарымызға 2,5 пайызбен несие берілетін болады. Бұл көптеген әлемдегі дамыған мемлекеттердің мұндай пайыздық мөлшерлеме жоқ. Сонымен қатар, алдағы 7 жылдықтың өзінде 2,3 млн азаматты жас азаматтарымызды жұмысқа орналастыратын боламыз. Бұл расында да ірі бастама. Сол себептен осы бастаманы сіздермен біз іске асыруымыз керек деп есептеймін. Ә. Дүкембаева