Кедергісіз орта құру, инклюзивті қоғам қалыптастыру, ерекше жандардың өмір сапасын жақсарту. Осы және өзге де мәселелер «AMANAT» партиясы жанынан құрылған Мүгедектігі бар адамдардың инклюзиясы жөніндегі республикалық кеңесте талқыланды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мәселесіне жіті назар аударып келеді. Осы орайда, партия Мемлекет басшысының қоғамдық тірегі ретінде әділетті әрі инклюзивті қоғам құру бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде. Шолпан КАРИНОВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:Мемлекет басшысының ауқымды саяси реформаларының арқасында еліміздегі азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін заңнамалық база біршама, ерәуір жетілдірілді. Мемлекеттік органдардың қатысуымен өте көптеген жұмыстар жасалып жатыр. Бірақ әлі күнге дейін осы мүгедектігі бар жандардың әртүрлі мемлекеттік органдарға, біздің партияға келіп жатқан өтініш-хаттары, сұрақтарын шешу бойынша, әрине, мәселелер бар.