«AMANAT» партиясы жастарды жұмыспен қамтудың тың тәсілін іске асырмақ

«AMANAT» партиясы «Жастарға кеңес» атты жаңа жобаны іске қосты. Мақсат – жастарды нәтижелі жұмыспен қамту, олардың дамуына тікелей қатысы мемлекеттік бағдарламалар жөнінде тиімді ақпарат ұсыну.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында арнайы жастар үшін 2,3 млн жұмыс орнын ашу жөнінде нақты айтқан болатын. Осы мақсатта "Жастарға кеңес" жобасы бар күшін салмақ. Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: «Жастарға жұмыс» деп аталатын жаңа «AMANAT» партиясының жобасы. Еңбек саласында уәкілетті органдармен бірлесе отыра, еліміздің әрбір аймақтарында мобильді түрде, жастарымызға кеңес беру арқылы. Жаңа форматта жәрмеңкелерді өткізу арқылы және де нақты сол жерде лезде жұмысқа орналастыру арқылы жастардың қордаланып қалған әсіресе жұмыссыз жүрген жастардың мәселесін шешуге бағытталған жаңа жоба. Астанадағы базарлардың бірінде көшпелі жәрмеңке ұйымдастырылды. Жастарды толғандырған мәселелерге орай мамандар кеңес берді. Әділбек ТОҚЫШЕВ, СТУДЕНТ: Бұл шара жайлы ақпаратты инстаграм әлеуметтік желі арқылы көрдім. Мен жоғарғы оқу орнының студенті болғандықтан қолымда әлі диплом жоқ. Әлі жұмыспен қамтылмағанмын. Сондықтан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы өзіме қажетті ақпарат алдым. Ал Ақтөбе жастарын баспана және жұмыс мәселесі алаңдатады. Одан өзге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, құқықтық мәселелер, өз кәсібін ашу үшін берілетін пайызы төмен несиелер мен мемлекеттік гранттар туралы ақпараттар алды. Гүлбақыт САРМАН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Өте жақсы ақпарат берді. Қазір қандай программалар туралы. Бастапқы жарна дейді ғой сол аз болса, мүмкіндік көп болады. Мысалы бастапқы жарна 10 пайыз бағдарлама шыққан. Онымен алу кәдімгідей жеңілдік. Бұрынғы бағдарламаларда елу пайыз еді. Әнуар ИСКАРИН, ««AMANAT»ПАРТИЯСЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Біздер қаламен ғана шектеліп қалмаймыз. Ауылдарға арнайы көліктермен барып, ауыл жастарын қабылдап кеңес беретін боламыз. Өйткені ауыл жастарында да өз қордаланған мәселелері бар. Шымкентте де осындай шара өтті. Жастар мамандарға сауалдарын қойып, тиісті жауап алды. Ерік РҮСТЕМ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: 01.12.00-мен үшін тіптен жақсы болды. Неге десеңіздер, әлеуметтік желіде яғни телевизордың алдында көбі отыра бермеді ғой, өздеріңізде байқап отырсыздар, базарда отбасы, балашағаның нәпақасын табу мақсатында келіп отқаннан кейін көбісі осындай жерде көп одан әрі ұйымдастырып тұрған дұрыс деп ойлаймын. «Жастарға Кеңес» консалтинг - орталығы Қызылжарда да жұмысын бастады. Орталыққа 16 мен 35 жас аралықтағы жастар түрлі мәселелер бойынша жүгіне алады. Бекзат ЛАТЫПОВА, СТУДЕНТ: Жасым жиырмада. Осы консалтинг орталығына мен Атамекен палатасына сұрақ қоюға келген болатынмын. Біздің облысымызда қандай жобаларға қолдау көрсетілуде және оны алу үшін бізге қандай іс шаралар істеу керек екенін білгім келді. Бүгін осы сұрағыма жауап аламын деген үміттемін. Р. Бақытжанқызы

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Осылай бірге жүріңдерші»: жұрт Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімоваға бақыт тіледі
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
Атырауда 62 ерлі-зайыпты ажырасуға арыз беріп, кейін татуласып кеткен
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды
“Жаныма қатты батты“. Баян Мақсатқызы Бишімбаев ісіне қатысты жаңа жобаның құпиясын ашты
Түркістан облысында ауыл жұрты қасқырдан қорқып, көшеге шыға алмай отыр
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ұлытау облысына іс-сапармен барды
Сізді күннен күнге бақытсыз ететін 3 әдет
Дәрігер ауыз қуысынан көрінетін қант диабетінің белгісі туралы айтты
23 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Қарағандыда қалың қардан жүк көлігі жолдың шетіне шығып кеткен
«Осылай бірге жүріңдерші»: жұрт Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімоваға бақыт тіледі
Атырауда 62 ерлі-зайыпты ажырасуға арыз беріп, кейін татуласып кеткен
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
«Мені өлді деп ойлаған»: Жұлдызай Дүйсенбиева басынан өткен жағдай туралы айтты
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
Тұман, бұрқасын, жел: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Азамат Дәулетбеков өзбек балуанын жеңіп, халықаралық турнирдің чемпионы атанды
Атырауда шаруалар облыс әкімдігі ғимаратының алдында тентіреп жүр
"Жүрегім бос": Қуат Хамитов болашақ жарына қатысты талаптарын айтты
Заңға енгізілген түзетулер: Бұрынғы президенттер туралы ақпарат неге құпия саналатын болды?