«АМАNАТ» партиясы жол құрылыстарын бақылауға алды

"Амаnат" партиясы елордада салынып жатқан жол құрылыстарын бақылауға алды. Партия мүшелері сапаны тексеріп қана қоймай, мердігерлердің жұмысты дер кезінде тапсыруын да қадағалайды. Ертіс көшесінің құрылысы азаматтардың өтінішінен кейін «АМАNАТ» партиясының сайлауалды бағдарламасына енгізілді. Енді оның сапалы болуын партия мүшелері қадағалайды. Қажетті қаржы толық бөлінген. Сондықтан биыл барлығы дайын болуы керек деді партия хатшысы Ержан Жылқыбаев. Ержан ЖЫЛҚЫБАЕВ, «АМАNАТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ: Партия Төрағасы Ерлан Қошановтың тапсырмасы бойынша, партияның Сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру бойынша жол картасына енген Астана қаласындағы барлық нысандарды аралап жатырмыз. Мен екі жерде болдым. Бұл жолдар биыл аяқталуы керек, ақша 100% бөлінген. Мердігерлер жол құрылысының қарқынды жүріп жатқанын айтады. Жоспар бойынша қыркүйек айының соңында аяқталады. Қайратхан ӘШІРБЕКОВ, ПРОРАБ: Бірінші кезең , Хантау мен Шәкәрімнің екі ортасын салдық. Енді биыл Шәкәрім мен Қобыландының екі ортасын бітіреміз. 860 метр. Айдар Забировтың осы көшеде тұрып жатқанына 20 жылдан асқан. Айтуынша, мұндай күрделі жөндеу алғаш рет жасалып жатыр. Айдар ЗАБИРОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Үлкен рахмет. Жұмыс жоғары сапалы деңгейде аяқталды. Партиялықтар келді, қарады, халықтың тілегін тыңдады. Партиялықтар елорда тазалығына жауапты «Астана Тазалық» мекемесінің қызметкерлерімен де жиын өткізді. Бұған дейін «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов ұжыммен кездескен болатын. Владимир ПСЯКО, САРЫАРҚА АУДАНЫ БОЙЫНША «АСТАНА ТАЗАЛЫҚ» ЖШС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: Мұндай кездесулер пайдалы, бұл халықпен кездесу, халық биліктегі өкілдерін естиді. Ал партия мүшелерін, былайша айтқанда, қарапайым халықтың өмірі қызықтырады. Адамдар сұрақтар қояды, белгілі бір мақсаттар болады. Содан кейін бұл мақсаттар жүзеге асырылады. Партия мүшелері сайлауалды бағдарламаның барлық бағыты ерекше назарда болатынын айтты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді (ВИДЕО)
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады