«AMANAT» партиясы «Қауіпсіз қала» акциясын бастады

 «Amanat» партиясының белсенділері «Қауіпсіз қала» акциясы аясында аулалардағы өрескел жайттарды анықтады. Қарағандылық «Жастар рухы» Жастар Қанатының өкілдері қаладағы бірнеше ойын алаңдарын тексерген. Газондар бекітілмеген. Қоршаулар сынуға жақын. Тіпті аулаларда ашық құдықтар көп. Қурап құлағалы тұрған ағаштар да бар. Мұның барлығын жергілікті әкімдік пен атқарушы органдар қадағалап, олқылықты жоюы тиіс. Белсенділер құзыретті мекемелердің өткенде ғана болған оқиғадан еш сабақ алмағанын айтады. Еске салсақ, екі ай бұрын қатты дауылда дәл осындай бекітілмеген газон көкке көтеріліп үстінде ойнап жүрген екі бала ауыр жарақаттар алған болатын. Сол кезде облыс әкімі барлық ойын алаңдарын тексеруді тапсырған еді, алайда нәтижесі байқалмайды. Партиялықтар «Қауіпсіз қала» акциясы аясында барлық алаңды тексермек. Ержан ХАМИТОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: «Ойын алаңының өзінде де мынау газонның өзі бекітілмеген. Қандай да бір жел болса ол ұшып кетіп балаларға қауіп төндіреді. Осының бәрін алдағы уақытта басқа да орындардың барлығын анықтап құзырлы орындарға хабарлап айтатын боламыз». Шара барасында сондай-ақ, төтенше жағдай қызметкерлері пеш жағатын көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың үйлеріндегі көмірқышқыл газын анықтайтын датчиктерді де тексереді. Бұл қондырғылар аз қамтылған жанұяларға тегін қойылған. Белсенділер адам өміріне қауіп төндіретін жағдай болса, "Жастар рухының" әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына немесе 109 нөміріне хабарлауға кеңес береді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда троллейбус жаяу жүргіншіні қағып, жазым етті
Шайбалы хоккейден Қазақстан жасөспірім қыздар құрамасы әлем чемпионатына қатысады
«Жолаушының бағы бар екен»: Студент Қызылорда-Астана рейсінде адам өмірін сақтап қалды (ВИДЕО)
«Қазақ титаны» 109 тонналық вагонды 8,5 метрге дейін сүйреген
Ғасыр соңына қарай тілдердің 20%-ға жуығы жойылады
Әрбір азамат қарыз алуға тыйым сала алады
2025 жылы еліміздің колледждерінде мемлекеттік тапсырыс 153 мың орынға дейін артады
Автомобиль көлігі мен көліктік бақылау комитеті шетелдік рұқсат бланктерін үйлестірудің жаңа механизмін түсіндірді
Харбинде өтетін Қысқы Азия ойындарының билеттері сатылымға шықты
Алматыда есірткі жарнамасы жойылды
Қарапайым ерлік
2024 жылы мүгедектігі бар адамдар агрегаторлар арқылы инватакси қызметіне 207 мыңнан астам тапсырыс берді
Елена Рыбакина Australian Open-2025 турнирін ірі жеңіспен бастады
Киберполицейлер шетелдік дропперді құрықтады
Алматыда 85 мыңнан астам оқушы жыл бойы музейлерге тегін кірген: бастама білім беру барысына қалай әсер етті
Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесті
Қазақстандық спортшылар таэквондодадан Сауд Арабиясында өткен турнирде топ жарды
Мемлекет басшысы "Абу Дабидің орнықты даму апталығы" саммитінде cөз сөйледі
Астанада студент Таиландтан келген сәлемдеме үшін 8 жылға сотталды
Алматыда жолаушыға қамқорлық көрсеткен автобус жүргізушісіне әкімнің атынан алғыс айтылды
Биыл доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қалай өзгеруі мүмкін
Қазақстанда мультимодальды қоймалар салынады
Елімізде биыл 23 балаларды сауықтыру орталығы салынады
Ақтөбеде үш адам кепілге алынған үйден репортаж