«АМАNАТ» партиясы Қостанай облыстық филиалының төрағасы болып Алмат Досмұхамедов сайланды

Қостанайда «АМАNАТ» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс отыз алтыншы конференциясы өтті. Келелі жиында жаңа төраға сайланды. Облыстық филиалдың атқарған ауқымды істері айтылды. Сайлауалды бағдарламаның сәтті жүзеге асқан жобалары баяндалды. Меритократиялық қағидатпен төраға қызметіне Алмат Досмұхамедов сайланды. Бұған дейін аудан әкімінің орынбасары, партияның орталық аппаратында инспектор қызметін атқарған Алмат Кәкімжанұлына бірқатар міндеттер жүктелді. Конференция барысында саяси кеңес пен филиалдың бақылау-тексеру комиссия құрамы өзгерді. Фракция мүшелері 689 қабылдау өткізіп, мыңға жуық адамның өтініш-тілегі оң шешілген көрінеді. Қырмызы ЖАҢБЫРШИНА, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚОФ ЖАНЫНДАҒЫ «MIRAS» АЙМАҚТЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ Мәслихат депутаттары билік пен халық арасындағы алтын көпір ғой. Сондықтан да біздің басты мақсатымыз осы халық арасындағы барлық түйткілді мәселелерді назарға алып, сол бойынша жұмыс істеу. «Береке» шағын ауданында бой көтеріп жатқан білім ордасының құрылысы 3 жылға созылып кетті.Қажетті материалдардың қымбаттауына байланысты мердігер тығырыққа тірелген. Биыл облыс қазынасынан қажетті қаражат бөлінді.  Ержан ЖЫЛҚЫБАЕВ, «АМАNАТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ: Партия тарапынан жалпы бақылауды күшейттік.Құрылыс басқармасының басшысы июнь айында тапсырамыз деп уәде берді. Бүгінгі күні 70 пайыздайы жасалған. Енді жақсы мектеп салынып жатыр.1 мың орындық. Балалар оны күтіп отыр.Сондықтан біз оны биыл қадағалап, уақытында тапсыруымыз керек. Аймақта «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүйелі жүзеге асып жатыр.Кәсіпкер Әсел Бейісова әлгі бағдарлама аясында 8 миллион теңге несие алған. Жеті адамды жұмыспен қамтып отыр. Әсел БЕЙІСОВА, КӘСІПКЕР: Осы бағдарламаның көмегімен шағын өндірісімді кеңейттім. Бұл бағдарлама өте тиімді. Мысалы мен бұған дейін екі-үш тігін машинкасымен жұмыс істедім. Енді міне жаңа құрал-жабдық алып, жұмысшылар санын көбейттім.Өңірде «Кедергісіз келешек» жобасы аясында төрт жүзден астам шара өткізілсе, «Ардагерлерді ардақтайық» 6 мыңнан астам қарияны, «Бақытты отбасы» 10 мың адамды қамтыды. «Жер аманатымен» заңсыз берілген 356,3 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматы әкімдігі ҚБТУ ғимаратындағы өртті жою үшін ТЖ қызметтеріне қажетті көмекті көрсетеді
Алматыдағы ҚБТУ ғимаратынан өрт шықты
Қысқы Универсиада: Қазақстан ерлер құрамасы Швециямен ойнайды
Алматы әкімдігі ҚБТУ ғимаратындағы өртті жою үшін ТЖ қызметтеріне қажетті көмекті көрсетеді
Қазақстан-Британ техникалық университеті өртеніп жатыр
ҚБТУ ғимаратындағы өрт оқшауланды
ҚБТУ-дағы өрт сөндірілді: оқиға орнынан суреттер
Тұман түседі: 12 қаңтарда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Астана әкімі қоғамдық көліктің жұмысы туралы айтты
Алматыдағы ҚБТУ ғимаратынан өрт шықты
ҚБТУ-дағы өрт бойынша жедел штаб құрылды
«Ниеттен басталады»: Ерке Есмахан шетелге шығудың құпия жолын айтты
Алматыда ҚБТУ ғимараты өртеніп жатыр (ВИДЕО)
Еріктілер коммуналдық қызметкерлері үшін акция ұйымдастырды (Видео)
Павлодар облысында қашып кеткен 15 қылмыскер шетелде ұсталды
Алматыда Қазақ-британ техникалық университетінен өрт шықты
Шұғыл: Алматыда ҚБТУ өртеніп жатыр (ВИДЕО)
Алматыдағы ҚБТУ ғимаратынан өрт шықты
Астанада әйелімен ренжісіп қалған ер адам көпқабатты үйдің шатырына шығып алған (ВИДЕО)
Түркістан облысында инфрақұрылыммен қамту бойынша биыл 160-тан астам жоба іске асырылады
Астанада әйелімен ренжісіп қалған ер адам көпқабатты үйдің шатырына шығып алды (ВИДЕО)
Қазақстандық спортшылар семсерлесуден Гран-приге қатысады
Ел азаматтары тіс емдетуге 56,3 млрд теңге жұмсаған
Ертең еліміздің 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды