«AMANAT» партиясы «Кітап-AMANAT» жобасын бастады. Басты мақсат отандық әдебиетке деген қызығушылықты арттырып, адамдарды оқуға ынталандыру, қазақстандық авторлар мен кітап шығарушыларды қолдау. Партияның Алматы қалалық филиалында жобаның тұсауы кесілді. Шараға қатысқан Парламент Мәжілісінің Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов кітап адам өмірінде айрықша орын алатынын атап өтіп, жаңа жобаның ерекшелігіне тоқталды. Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРЕАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Бүгінгі біздің бастап жатқан ісіміз ол сіздермен бірге ортақ іс. Бұны бастау қайдан келді бұл құрылтайда президентіміз сөз сөйлегенде айтты. Отандық баспа саласы соны қолдау идеологиялық мәселелер. Кітап саласын дамыту мәселесі туралы үлкен-үлкен мәселелерді қозғады. Арманым бар деді 24 сағат жұмыс істейтін тәулігіне президенттік кітапхана ашу. Біз сол Президенттің бастамасын алғашқы болып қолымызға алдық. «Кітап-AMANAT» жобасы аясында «AMANAT» партиясы мен Баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар қауымдастығы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат аясында баспаханалар дүкендерді қол жетімді бағадағы тиісті кітап қорымен қамтамасыз етеді. Оның арасында тек отандық ғана емес, әлемдік туындылар да болады. Шыңғыс МҰҚАН, «МАЗМҰНДАМА» БАСПАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бізде негізі шыныңда да үлкен проблема ол жазу, аудару емес. Оны нарыққа шығару. Өткенде жақында ауылдан ағайындар хабарласады. Сонда айтады кітаптарынды қайдан аламыз? Ауылда жоқ ғой. Ал, менің ауылым Түркістан облысындағы Шардара. Көшенің басында бір бір шағын азық-түлік дүкені бар. Бірақ, сексен мың тұратын ауылда кітап дүкені жоқ. Кітап дүкені деген бұл үлкен мәдениет. Осы тұрғыдан келгенде "AMANAT" партиясының аудандық филиалдарына дейін осындай ашылатын болса бұл үлкен қолжетімді жоба деп білеміз.