«AMANAT» партиясы «Құқықтық көмек» жобасын іске қосты

Бүгін «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов Атырау облысының тұрғындарымен кездесті. Өңірлік филиал жанындағы кеңес беру орталығының қызметімен танысты. «Құқықтық көмек» партиялық жобасының іске қосылғанын жеткізді. Құқық қорғаушы Абзал Құспанмен бірге жергілікті тұрғындармен жүздесіп, шағымдарын тыңдады. Партия төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Әділетті Қазақстанды құру жолында адам құқықтары мәселесіне баса мән беріп отырғанын атап өтті. Халық арасында құқықтық мәселелер өте өзекті екенін айтты.Ерлан ҚОШАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Жасыратыны жоқ, біздің қоғамда азаматтардың құқықтық, қаржылық сауаттылығы әлі де төмен. Сондықтан біз "AMANAT" партиясы "Құқықтық көмек" жобасын қолға алдық. Шалғайдағы ауыл тұрғындарының бәрі бірдей мұндай кәсіби көмекке қол жеткізе алмай отырғандықтан, жаңа партиялық жоба аясында заңгерлер ауыл-ауылды аралап, халыққа арнайы құқықтық көмек көрсетеді. Әділдік пен заңның үстемдік құруы осындай нақты істерден басталады Сондай-ақ, Ерлан Қошанов партия активімен кездесіп, партиялық жобалардың іске асырылу барысын және алдағы Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауына дайындық мәселесін талқылады. Облыста 106 бастауыш партия ұйымын біріктіріп отырған 23 мыңнан астам аманаттық бар. Ә. Дүкембаеваhttps://youtu.be/-t_ID-kn6Fw

Читать источник astanatv.kz/kz/
Павлодар облысында ағасы мен қарындасы зорлық-зомбылық құрбаны болған: 22 қараша 2024, 11:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
19 өңірде ауа райы қолайсыз
Үкіметте астықты терең өңдеу бойынша жобалар талқыланды
Алматының Сайран жағалауындағы жаңа қоғамдық кеңістік 2025 жылы ашылады
Еліміздің валюталық және алтын-валюта резервінің көлемі 100 млрд доллардан асты
Қазақстанда жерді адал пайдаланушыларды анықтау үшін құқықтық негіз жасалады
Алматы мектептері “Көкөніс айын” өткізуде
Түркия түлектері Алматыда бас қосты
Елімізде лицензиясыз қызмет еткен 58 мектеп анықталды
Алматыда пәтерді жалға берушілер жауапқа тартылды
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Хорватияға алғашқы ресми сапармен келді
Қазақстан туберкулезді жою ісінде ДДҰ-ның үздік практикалар орталығы болуға дайын
Қазақстан полицейлері шағын футболдан Нидерландыда өткен халықаралық турнирде жеңіске жетті
Алматыда құрылыс нысанына айыппұл салынды
Алматыда жаңа деңгейдегі қауіпсіздік жүйесі іске қосылды
Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары өмірден өтті
Алматыда түнгі қарақшылар ұсталды
Премьер-министр Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді
Алматыда қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Астанада ер адам полицейді соққыға жыққан
Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды шығарды
Алматыда 1972 жылы салынған газ құбыры жаңартылуда
«Қазақстан барысында» жеңімпаз атанған балуанға белгілі меценат автокөлік сыйлады