«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының сайлауалды бағдарламасы бойынша жоспарланған жұмыстың 97 проценті орындалған. Бұл туралы облыстық филиалдың кезекті есеп беру-сайлау конференциясында айтылды. Оған «AMANAT» партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев қатысты. Жиында бастауыш партия ұйым жетекшілерінің жартысына жуығы жаңадан сайланды. Есепті мерзімде партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне тұрғындардан 8 мыңнан аса өтініш келіп түскен. Оның 65 процентке жуығы оң шешімін тапқан. Конференцияда партия филиалының Төрағасы Наурызбай Байқадамов саяси кеңестің атқарған өзге де жұмыстарына тоқталды.Наурызбай БАЙҚАДАМОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Жолдар мен көпір өткелдері жөндеуден өтіп, нормативтік жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі 82 пайызға жетті. Жыл соңына дейін 87,5 пайызға жетеді. Бұл біздің сайлауалды бағдарламаның орындалуы жөніндегі Жол картасында көрсетілген. Облыста орталықтарындырылған ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 98,1 пайызға жетті. 2025 жылға дейін облыс 100 пайыз қамтуы біздің бағдарламада бар.