«AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев сайлау туралы заңнамаға сәйкес, Мәжіліс депутатына кандидаттардың тізімін съезде ұсынып, бекіту қажеттігін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.«Съезде делегаттардың тізімімен партиялық тізім бойынша 90 адам, бір мандаттық округ бойынша 29 адамның кандидатурасы енгізіліп отыр. Осылайша, алдағы Парламент Мәжілісінің сайлауына қатысу үшін «AMANAT» партиясының кезектен тыс съезіне бекітуге 119 кандидат ұсынылады», - деді Елнұр Бейсенбаев.