«АMANAT» партиясы ОСК-ға кандидаттар тізімін ұсынды

«Amanat» партиясы кезектен тыс сайлауға қатысатын Мәжіліске кандидаттарының құжаттарын Орталық сайлау комиссиясына өткізді.«Бүгін «Amanat» партиясы Орталық сайлау комиссиясына кешегі өткен съезіміздің қорытындысы бойынша партиялық тізім бойынша өкілдердің құжаттарын тапсыруға келдік. Кеше съезде 2 мыңнан астам азамат қатысты. Бүкіл ел аумағындағы мәслихаттарға 3821 кандидаттың, Мәжіліске 119 азаматтың тізімін ұсындық. Оның ішінде бүгін ОСК-на 90 азаматтың партиялық тізімін тіркедік. Орталық сайлау комиссиясына ұсынған партиялық тізімде квота сақталды. 30 пайыздан астамы - әйел адамдар, жастар мен мүгедектігі бар тұлғалар. Орталық тізімдегі екі адамның мүгедектігі бар. Ал жастар квотасына сәйкес тізімде 17-ден астам адам тұр. Ал жалпы Қазақстан бойынша мәслихат 75 пайызға жаңарды», - деп атап өтті партияның атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев. Сондай-ақ сайлауға кандидаттарды ұсынарды нені басты назарға алатынына тоқталды. «Біріншіден, сайлауға азаматтарды ұсыну жергілікті өкілдіктермен, аймақтағы азаматтармен тікелей шешіледі. Ол үшін бастауыш партия ұйымдарының қатарынан делегаттар сайланды. Олар аудандық, қалалық, облыстық деңгейде конференциялар өтті. Ол жерде бірнеше азамат ұсынылып, дауыс беру ережесі бойынша жеңіске жеткен соң кандидаттардың осы тізіміне енді», - деді Елнұр Бейсенбаев. Еске сала кетейік, елімізде 19 наурызда Мәжіліс пен мәслихаттардың мерзімінен бұрын сайлауы өтеді. Жаңа ережемен өтетін сайлау саяси жаңғырту реформаларының жалғасы деп саналады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Махмуд Сабырхан ағайынды Оралбайларды мазақтады (ФОТО)
"Жетісудан" кеткен Қайрат Нұрдәулетов жаңа клуб тапты
Алматыда құбыр жарылып, қаланың бір бөлігі жылусыз қалды
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Күн күрт суытады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
2024 жылы Қазақстандағы су қоймаларына 75 млрд текше метрден астам су жиналды
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Қолайсыз ауа райы: БҚО-дағы жолдың бір бөлігі жабылды
Ешкім сатып алған жоқ – экс-әкімнен тәркіленген мейрамхананың тағдыры не болмақ?
Қарағанды облысында автобус өртеніп кетті
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы көз жұмды
Ақтаудағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Қарағандыда автобус өртенді
Қуаныш Сүлейменов Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Қазақстандық ауыр атлет рекорд орнатып Азия чемпионы атанды
ТЖМ құтқарушысы Alash Pride лигасының чемпионы атанды
Астана тұрғыны танысынан кек аламын деп басы дауға қалды
Күрестен халықаралық турнир аяқталды