«AMANAT» партиясы республикалық мобильді қабылдау тобының өкілдері тұрғындардың мәселесін тыңдады

Сала мамандарының шалғай ауылдарды аралап, қоғамдық қабылдау жүргізуі тұрғындарға мәселелерін ашық жеткізуге мүмкіндік береді. «AMANAT» партиясы республикалық мобильді қабылдау тобының өкілдерімен кездескен қызылордалықтар осындай пікірде. Көшпелі қоғамдық қабылдау бұл жолы Жалағаш ауданы Бұхарбай ауылы мен Сырдария ауданының Қалжан Ахун ауылдарында өтті.Екі ауылда өткен қоғамдық қабылдауға 100-ге жуық тұрғын келді. Олардың басым көпшілігі жеке мәселелерін емес, ауылдың ахуалын айтуда. Елді мекенді аяқ сумен қамту, жолдарын жөндеу, ойын алаңдары мен электр желілерін жаңғырту жайы қамтылды. Қабылбек НҰРМАҒАНБЕТОВ, БҰХАРБАЙ БАТЫР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Президентіміз Тоқаев халықтың үніне құлақ сал, халықпен бірге бол деп жатыр. Мына «AMANAT» партиясы соны орындап келіп тұр. Мен сол мүмкіндікті пайдаланып айтайын деп айттым. Дұрыс жауап берді. Жігіттердің жауабына қанағаттандым. Гүлнар ЖҰМАДІЛОВА, ҚАЛЖАН АХУН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Мен зейнетақы қоры жайлы шамалы сұрақ қойғанмын. Қанатағаттандым сұрағына. Біз жан-жаққа барып, Астана барып, облысқа шығудың орнына өзіміздің ауылға келіп жатыр. Халық ойындағысын бәрін айтып, қанағаттанарлық жауап алып жатыр. Қоғамдық қабылдауға аудандардан ғана емес, облыстық басқармалардан арнайы мамандар қатысты. Сонымен қатар, республикалық мобильді қабылдау кабинетінің өкілі де халықтың мәселелерін тыңдады. Олар жан-жақты талқылап, шешу жолдарын айтты. Мұндай кездесулердің халыққа тиімділігі жоғары дейді жиналғандар. Алпамыс ӘБЕНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНІҢ ӨКІЛІ: Жергілікті тұрғындардың көпшілігі ауыз сумен қамтамасыз ету, газбен қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру мәселесін көтеріп жатыр. Бұл мобильдік қоғамдық қабылдаудың басты мақсаты шалғай елді-мекендегі тұрғындардың, азаматтардың өтініш-тілектерін тиісті мемлекеттік органдарға жеткізу. Өткен жылы партияның облыстық филиалы 20-дан аса мобильді қабылдау өткізді. Ал биыл 12 шалғай елді мекеннің халқымен кездесу жоспарланып отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
Қарағандыда жабылған жол учаскелерінде жүздеген көлік кептелісте тұрып қалды
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері