«AMANAT» партиясы «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын жариялады

Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «AMANAT» партиясы әрапта сайын ұйымдастырылатын «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын бастады. Бүгін партияның 12 мың мүшесі мен «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері республика бойынша аумақтарды тазалауға шықты.«AMANAT» партиясының мүшелері өзен жағалаулары, орман алқаптары, өндірістік аймақтар және жол бойындағы аумақтарды қамтитын 475 учаскені айқындады. Бір күнде акцияға12 мың адам қатысты. Атап айтқанда, Астанада партия мүшелері заңсыз қоқыс алаңына айналған қараусыз учаскені ретке келтірді. «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Даулет Кәрібек«Таза бейсенбі» партиялық жобасы жаңа экологиялық мәдениет пен азаматтардың қоршаған ортаға деген саналы көзқарасын қалыптастыруды көздейтінін атап өтті. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқанын бастай отырып, бұл бір реттік акция емес екенін ерекше атап өтті, әрбір үй, аула, тұрғын үй кешені, саябақ және басқа да нысандарназардан тыс қалмауға тиіс. «AMANAT» партиясының мүшелері аталған науқанға алғашқы күннен-ақ белсенді қатысуда. «Жастар Рухы» жастар қанатыныңшамамен 4 мыңға жуықволонтері су тасқынынан зардап шеккен жандардыңбаспанасын ретке келтіруге көмектесті. Енді әр апта сайын ел аумағында түрлі учаскелерде қоқыс жинау жұмысын ұйымдастырамыз. Осы мақсатта ластанған аумақтардың Картасы әзірленді. Ел азаматтары, өскелең ұрпақ табиғи өнім тұтынып, таза ауамен демалып, сапалы су ішкенін қаласақ, экологиялық сана мен мәдениетті қазірденқалыптастыруымыз керек.Оны ең алдымен өзімізден бастаған жөн.Сондықтан, қоршаған ортаға бей-жай қарамайтын барша қазақстандықты «Таза бейсенбі» акциясына қосылуға шақырамыз», – деді ол. Алдын ала елді мекендердегіластанған аумақтардың картасы әзірленді. Соның негізінде ел аумағындажол бойындағы аумақтардан, өнеркәсіптік аймақтардан, тұрғын аудандардан, әлеуметтік нысандардан және басқа да көптеген аумақтардан 475 учаске анықталды. Партиялықтар әр бейсенбі сайын осындай тазалық жұмысын жүргізуді жоспарлап отыр. Іс-шара тек қоқыс жинаумен шектелмейді.Әр учаскеге мәслихат депутаттары, белсенділер және бастауыш партия ұйымдарының басшылары бекітіледі.Олар сол учаскеде тұрақты түрде тәртіп пен тазалықты қамтамасыз етумен қатар, қоқыс жәшіктерін орнату, аумақтарды көгалдандыру, жолдар мен жаяу жүргіншілер жолын жөндеу сияқты абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту мәселелерін шешеді. «Таза мемлекет – бұл тек үнемі тазаланатын емес, қоқыс тасталмайтын ел деген сөз. Біз тазаламасақ, кім тазалайды? Қазір тазаламасақ қашан тазалаймыз? Бұл менің елім, бұл менің қалам. Мен балаларым мен немерелерімнің таза қоршаған ортада өсіп, таза ауамен дем алып, таза су ішкенін қалаймын», – деді елордалық бастауыш партия ұйымының белсендісіДинара Маратқызы. Жалпы«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында «AMANAT» партиясы 5 бағыт бойынша жұмыс бастады: 1. экология саласына қатыстызаң шығару; 2. өңірлерде ластанған аумақтардың картасын жасай отырып, «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын ұйымдастыру; 3. «Астана-Алматы» тас жол бойындағы аумақты тазартуға арналған «Таза Қазақстан» road-эстафетасы; 4. тарихи, мәдени және табиғи мұраны вандализм әрекетінен қорғауға арналған қоғамдық науқан; 5. жасыл волонтерлік – экологиялық волонтерлер қозғалысын құру. Еске сала кетейік, су тасқынының қауіпті кезеңі аяқталғаннан кейін«AMANAT» партиясының 4 мыңға жуық белсендісі мен «Жастар Рухы» жастар қанатының волонтерлері қарғын судан зардап шеккен тұрғындардың баспанасын ретке келтіруге көмектесті. Еліміздің барлық өңіріндегі барша партиялықтар саябақтарды, скверлерді, аулаларды тазартып, тарихи-мәдени және табиғи ескерткіштерді тазалауда. Сондай-ақ сенбілікке шығып, ағаш егеді және өзге де іс-шараларды ұйымдастырады. Мәселен, 27 сәуірде, яғни небәрі бір күнде ел аумағында партиялықтар 55 мың түп ағаш екті. Сондай-ақ, экологиялық мәселелерді шешу – «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында қамтылған маңызды басымдықтың бірі. Сайлауалды уәделерді жүйелі жүзеге асыру жұмысы аясында былтыр мемлекеттік орман қоры аумағына 302,7 млн түп ағаш егілді. Сонымен қатар, 39 ірі өнеркәсіптік кәсіпорында ауаны ластауын бақылайтын автоматтандырылған жүйе орнатылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда қылмыс жасаған өзбекстандық Ресейде ұсталды
Семейде жиһаз цехынан өрт шықты
Семейде шырша құру кезінде биіктен құлаған мұғалімнің жағдайы белгілі болды
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Боран соғып, көктайғақ болады
Түсіп қалған тістердің орнына жаңасын өсіретін дәрі бар
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондаған адамды біріктірді
Семейде мұғалімдерді шырша безендіруге тартқандар жауапқа тартылады
“Романтика“. БҚО тұрғыны біреудің банк картасын ұрлап, әйеліне гүл алған
Алматы облысында қар көшкіні болуы мүмкін
Өзгенің банк картасын пайдаланған алаяқ ұсталды
Апта басында елімізде валюта бағамы өзгерді
«Жапониядан 600 миллиард қарыз алдық»: Мақсат Толықбай Үкіметтің бюжетті жоспарлай алмай отырғанын айтты (ВИДЕО)
Балқашқа былтырғыдан 4 млрд текше метр артық су жіберілді
“90 жылдардағы бандит“. Атақты продюсер күйеуі жайлы ел білмейтін ақпаратты айтты
Жыл басынан бері әлеуметтік төлемдерге 633,4 млрд теңге төленген
Қазақстан өзбек азаматын Ресейден экстрадициялады
Елордада мұз айдыны мен сырғанақтары бар жаңа қоғамдық кеңістік ашылды
23 желтоқсандағы доллар, еуро және рубльдің бағамы жарияланды
Шырша безендірген мұғалім жарақат алды: Аймағамбетов бақылауды күшейтуді ұсынды