"AMANAT" партиясы тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетті

Жаңа оқу жылы қарсаңында "AMANAT" партиясы тұрмысы төмен отбасыларға жылдағыдай көмек қолын созуда. Бұл жолы партиялықтар өз қаржысына сатып алған оқу құралдарын мектеп оқушыларына тарту етті. "Баланы мектепке даярлайық!" акциясы аясында аз қамтылған, көпбалалы отбасылар және мүгедек балалар қамтылды. Әзірге қала бойынша 50-ге тарта отбасыны, ал Батыс Қазақстан облысы бойынша мыңдаған балаға көмек көрсету көзделіп отыр. Бүгінгі шарада аниматорлар бүлдіршіндердің көңілін көтеріп, ата-аналарымен бірге ойын ойнатты, кейін тарту-таралғы жасады. Гүлжиян ҒҰБАШЕВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:  Бір баланы оқуға дайындау қымбатқа шығады. Бір бала қазір 60-70, 80 мыңға шығады. Менде оқитын үшеу. Екеуі садикте. Осыған ризамын "AMANAT"-қа көп-көп рақмет! Осыны жасап, мектеп құралдарын беріп, балаларға көп көмегін беріп жатыр. Ризамын. Жыл сайын партия филиалдары мен бастауыш партия ұйымдарының қолдауымен мыңнан астам бала оқу құралдары, мектеп және спорттық формаларымен қамтамасыз етіледі. Былтыр осы акция аясында 1500 оқушыға көмек көрсетілген.  Қайрат ЖҰМАҚАЕВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ БҚОФ КОНСУЛЬТАНТЫ:  Жоспарымызда 1600-ге жуық баланы қамтамасыз ету, керек-жарақ, оқу құралдарымен жоспарлануда. Қазіргі таңда енді өңіріміздегі әрбір аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасының балалары, әрбір бала біздің қарауымызда, міндетте түрде көмек беруге даярмыз, біздің назарымызда. Ақтөбелік депутаттар да 2 мыңнан астам оқушыны мектепке дайындауға қол ұшын бермек. Гүлмереке ҚҰДАЙБЕРГЕНҚЫЗЫ, КӨПБАЛАЛЫ АНА: "Аманат" партиясына Ақтөбе облыстық маслихат депутаттарына рақмет. Бір балаға елу мыңнан екі балаға жүз мың теңгеге сетификат берді. Киіндіретін боламыз. Гүлқасима СҮЙІНТАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ: Балалар біздің болашағымыз әлі де 30 қыркүйекке дейін көмек көрсететін боламыз. Оның ішінде "Аманат" партиясы. Балаларымыз біріншіден бақытты болсын. Оқуға барғаннан кейін жақсы тәрбие алсын. Жақсы баға алсын. Ата-аналарын қуантып жүрсін. Еліміздің қуантатын азаматтары болсын.  «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында жүзеге асып отырған бұл қайырымдылық акциясы қыркүйек айының соңына дейін жалғасады. Сол уақыт аралығында еліміз бойынша 45 мыңға жуық оқушы көмек алады деп күтілуде.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Қызымның шашын қырып тастаған»: Блогер ата-анасының ақылсыздығын айтып, еңіреп жылады (ВИДЕО)
Tele2 мен Altel Қатар еліне сатылды
Енді валюта айырбастау орындары ойына келген бағасын қоя алмайды
Жеңімпаз атанған 100-ден астам спортшы Париж Олимпиадасы медалін қайтарып берді
Алакөлде жеңіл көлік мінген ер адам қар құрсауында қалып қойған
“Жылқыңды сатып беремін“. Ақмола облысында ер адам алаяққа алданған
Құрамында никотині бар вейпті дайындап сатқан адам сотталды
Жамбыл облысында азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мәселесі кеңінен талқыланды
Криминалистер бір жылда 50 мыңнан аса тексеріс жүргізген
Ақтауда құстар мен итбалықтардың өлекселері табылды
Tele2 мен Altel Қатар еліне сатылды
«Бастысы, қателеспеу керек»: Айгүл Иманбаева 2025 жыл несімен ерекше болатынын айтты
«Қызымның шашын қырып тастаған»: Блогер ата-анасының ақылсыздығын айтып, еңіреп жылады (ВИДЕО)
Жамбыл облысында 8-сынып оқушысын өлтірген үш оқушы сотталды
Анастасия Городко Универсиада чемпионы атанды
Кастет те суық қару
«Маскаң шешіледі...»: әнші Қарақат Әбілдина Қажылыққа барғандағы әсері жайлы айтты
Енді валюта айырбастау орындары ойына келген бағасын қоя алмайды
Химиялық зат тасымалдап келе жатқан жүк көлігі жолдан шығып кетіп, апатқа ұшырады
Лос-Анджелестегі алапат өрттен Голливудтың атақты актрисасы тірідей жанып кетті
Қысқы универсиада: Ел қоржынына алғашқы алтын түсті
Адам өлтіргені үшін іздеуде болған күдікті ұсталды
Алматы әлемдегі ең лас 126 мегаполистің ішінде бірінші орында тұр
Өскемен тұрғыны дүкенде жалған ақшамен төлем жасаған