«AMANAT» партиясында ұлтты ұйыстырудың мәні мен маңызы талқыланды

«AMANAT» партиясы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» республикалық кеңесінің биылғы алғашқы отырысы өтті. Жиынға қатысушылар тарихи тұлғаларға баға беру ісінде әділдік орнату, қазіргі зиялы қауым өкілдерінің ықпалын арттыру және партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында қоғамдағы өзекті әлеуметтік мәселелерді көтеріп, елдегі зиялы қауым өкілдерін ауызбіршілікке шақырды. Президент өз сөзінде «Елдің тұтастығы зиялы қауымның бірлігінен басталады. Алдымен ел ағаларының арасында ауызбіршілік болуы керек. Олар ұрпаққа өнеге болатын кесек әңгіме айтуы қажет» деген болатын. «Miras» кеңесінің мүшелері Мемлекет басшысы көтерген осы көкейкесті бастаманың көш басында болып, ұлтты ұйыстыруға, елді біріктіруге өз үлесін қосуға әркез дайын екендерін білдірді. Аманжол ӘЛТАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ, КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ:  Мемлекет басшысының мына тарихи тұлғаларға деген әділетті көзқарасы, оларды бір-бірімен жағаластырмай, бірін көтеріп, бірін қараламай, мына бүгінгі ұрпақтың жүрегіндегі, ұрпақтың санасында сол тарихи тұлғаларға деген бір әділетті бағалау танымы қалыптасуы үшін. Бүгінгі таңдағы кемшін дүниелеріміз осы кеңестің бүгінгі отырысында талқыланып, ой-ортаға салынды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Той үстінде бауырсақ пісірген қалыңдық сынға ұшырады
Жылу магистраліндегі жұмыстармен танысты
Меркі өзеніндегі су деңгейі кө­терілді
Қомақты қаражат жымқырды деп айыпталған Мырзахметовке үкім шықты
8-сынып оқушысы ана атанды
Жамбыл облысындағы ауылдан жасөспірімнің денесі табылды
Бүгін үш облыс аумағында үсік жүреді
Жамбыл облысында биыл 15 спорт кешені пайдалануға беріледі
Атырау облысында Құрсай каналынан ер адамның мәйіті табылды
Маңғыстау облысында 6 құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды
Атырауда 1 келіден астам синтетикалық есірткі сатпақ болған екі күдікті ұсталды
Ұйықтап жатқан адам қорылдан қайтыс болуы мүмкін бе?
Астаналық оқушы – классикалық шахматтан оқушылар арасында әлем чемпионы
Жаңбыр, бұршақ, жел: 14 мамырға арналған ауа райы болжамы
Қызылордада 2 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Бүгін тек бір қалада ауа сапасы нашарлайды
"Террористер, педофилдер". Бишімбаев жазасын өтейтін колонияда кімдер жатады?
Уақытты жеңген жәдігер
Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ертіс орманына кіруге тыйым салынды
Канал маңынан ер адамның мәйіті табылды
Маман тапшылығы қолды байлап тұр
Құрсай каналынан ер адамның денесі табылды
Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға пәтер табысталды