"AMANAT" партиясының араласуымен БҚО-дағы жер дауы сәтімен шешілді

Батыс Қазақстан облысында жер дауы басылар емес. "AMANAT" партиясына арызын айтқан Сырым ауданындағы Тоғанас ауылының тұрғындары жайылымдық жердің тапшылығынан мал баға алмай жүргенін жеткізді. Бұл аздай шабындық жердегі шөптің де шығымы шамалы. Ауылдықтар мыңдаған гектар жерді иеленіп алған ірі қожалықтың кесірінен осындай қиын жағдайда қалып отырмыз дейді.Тұрғындар соңғы екі жылда жайылымнан таршылық көргенін айтады. Өйткені бұған дейін мал жайған алқаптың қазір жаңа қожайыны бар. Енді шөпті қайдан шабарын білмей отыр. Ал жер иесі мұнда 88 мың Романов қойын өсірмек. Бірақ түлікті әкелмес бұрын алдымен жем-шөбін әзірлеу керек. Сондықтан мемлекеттен алған жерді екі жыл бойы өңдеп, дайындапты. Әйтпесе ауыл жерлері жыл санап азып барады, дейді мамандар. Нұрбол МҰХАМЕДЖАНОВ, АГРОНОМ: Жылдан жылға далалық шөптер азайып бара жатыр. Малын көбейтіп, бірақ азығын дайындамайтын болса, жұт болды ғой екі-үш жыл бұрын. Азық жетпеді малға. Атырау, Ақтау жақтарда. Оның бәріне ғылыми түрде келмейтін болсақ, онда болашақта үлкен проблемаға айналады. Сондықтан шаруа қожалықтары 100 гектар болсын, 200 гектар болсын, өңдеп мал азығын дайындаса үлкен пайдасы тиеді. Бұл жобаның құны 28 миллиард теңге екенін айтқан кәсіпкер 10 мың гектар жердің бір бөлігіне құмай, арпа, күнбағыс, мақсары еккен. Бұл дақылдар мал азығы ретінде беріледі. Содан кейін мал ұстайтын қора салынбақ. Осылайша ауылдықтарды жұмыспен қамтимын дейді. Амантай МУРЗАҒАЛИЕВ, КӘСІПКЕР: Қазір біздің компанияда 40 адамдай істеп жатыр. 40 адамның ең аз зарплатасы біздің сторождан бастап, 150 мың теңге, механизаторлар орташа есеппен шабындық бітіргенде 500 мың теңге тек қана қолына алады. Оклады, пенсионный, бәрін қосқанда 650-670 мың теңге алады. Қиын, ешкім бармай тұр жастар. Бір қызығы, ауылдықтар әзірге қомақты жалақыға қызықпай отыр. Одан да кеніште вахталық әдіспен жұмыс істеп, ауыл арасында таксилету тәуір көреді. Азамат САФИМАЛИЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ БҚОФ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ: «AMANAT» партиясының алдында ұсыныс берілді. Мысалы, колледждер, Теректінің басындағы колледжбен жұмыс жасап, осындағы ауылдың азаматтарын механизаторлыққа оқыту көзделіп отыр. Неге десеңіз, мына проект - миллиардный проект. Партиялықтар ауыл шаруашылығы мамандарын даярлайтын оқу орындарымен келісімшарт жасауды ұсынды. Егер бәрі сәтімен іске асса, келер күзде «уәделі» қойды әкелеміз деп отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
«Барыс» хоккейшілері 2025 жылды жеңіліспен бастады
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Алматыда орташа жөндеу жұмыстары 300 км жолды қамтиды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты