Елімізде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, "Halyk Bank" пен "Банк Центр Кредиттің" қолдауымен "Қамқоршы AMANAT" қоры құрылды. {КСМ} Тиісті меморандумға бүгін қол қойылды. Жаңа қор несиеге батқан қазақстандықтардың жағдайын жақсартуға бағытталады. "AMANAT" партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектің айтуынша, "Қарызсыз қоғам" жобасына қатысушылардың үштен бір бөлігінде екі және одан да көп несие бар. Сондай-ақ балалары мен немерелерінің қарызын өтеп жүрген зейнеткерлер де көп. Дәулет КӘРІБЕК, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:«Қарызсыз қоғам жобасы» бұл несие қамытын киіп, осындай кредиттік қиын жағдайда қалған азаматтарға бағытталған нақты жобамыз. Мемлекет басшысының тапсырмасымен бұл жобаның ауқымы биылдан бастап кеңейіп отыр. Оның ішінде біз еліміздің барлық өңірлерінде 750 мың адамның қаржылық сауаттылығын артып, оларға заңдық және қаржылық мамандардың көмегін көрсететін боламыз.