"AMANAT" партиясының белсенділері ауқымды акция өткізуде

"Таза лайк". Осындай атауымен еліміздің әр өңірінде акция өтіп жатыр. Игі шараға "AMANAT" партиясы "Жастар рухы" Жастар қанатының белсенділері мұрындық болуда. Жастар қирап, бұзылған ескерткіштер мен тарихи-мәдени нысандарды қайта қалпына келтіріп жатыр. "Жастар рухы" Жастар қанатының қызылордалық белсенділері қаладағы бүлінген мәдени нысандарға тазалық жұмыстарын жүргізді. Бұл бір күндік шара емес дейді - олар. Алдағы уақытта да жалғасын табады. Ал, ескерткіштер мен қоғамдық орындарды, саябақтарды таза ұстау азаматтық борышымыз дейді. Әсетхан БАЙМҰРЗА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ҚОФ ТӨРАҒАСЫ: Сызылған, бүлінген жерлерді қайта өшіріп, қайта бояп, қайтадан бұрынғы қалпына келтіріп, осындай жөндеу жұмыстары жүзеге асып жатыр. Осы бойынша, қаладағы жастарды, қала тұрғындарын қаламызды бұзбауға, қаламызды таза ұстауға жіне де мәдени орындарды сақтауға шақырамыз. Ал өскемендік жастар "есірткіге қарсымыз" деп қабырғаларға сурет салды. Оған "Жастар рухы" Жастар қанатының белсенділерімен бірге полициялар да атсалысты. Әлеуметтік желі арқылы синтетикалық есірткі таратушылардың белгілерін үйлердің қабырғаларынан, орындықтар мен жағалаудан кездестіруге болады. Қоғамдық қабылдау бөліміне де жергілікті тұрғындардан дәрі-дәрмек жарнамалайтын жазбалар жазылған хабарламалар тұрақты түрде түседі дейді. Бұл қала тұрғындарын алаңдатып отыр. Қорлан ТОҒАМБАЕВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ШҚОФ ТӨРАҒАСЫ: Тұрғын үйлерде мұндай сызбалардың көп екенін көріп тұрсыз және олар заңсыз заттар туралы деректер таратылатын сайтқа тікелей кіруге мүмкіндік береді. Ақтаулық белсенділер бұл жолы тоғыз қабатты үйлердің бірін таңдады. Тапсырма оңай емес, өйткені жазулар қабырғаларда жылдар бойы сақталған. Абзал МАРАТ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ МОФ ТӨРАҒАСЫ: Жастар қаланың қарапайым тұрғындар тұратын бөлігін таңдады. Вандализмге қарсы идеологияны енгізу мақсатымыз. Әр адам өз ошағын қорғауы, сақтауы, таза ұстауы керек, бұл да көптің ошағы, мұнда кемінде 300-400 адам тұрады. Вандализмнің алдын алу, мәдени мұраны сақтау - президент тапсырмаларының бірі. Көрікті мекенімізді келбетті кейіпте ұстау- сізбен бізге артылған міндет.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қатты желден жүк көлігінің тіркемесі аударылып кетті
99 жастағы Малайзияның бұрынғы премьер-министрі жас көрінуінің құпиясын ашты
Батыс Қазақстан облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
Бүгін тек бір қалада ауа сапасы нашарлайды
99 жастағы Малайзияның бұрынғы премьер-министрі жас көрінуінің құпиясын ашты
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
Қарағандыда өрт шыққан ғимарат жарылып кете жаздады
Биыл қазақстандықтар МӘМС есебінен 1 млннан астам қымбат зерттеулерден өтті
Соғым FEST: Астанада өткен жәрмеңкеде фермерлер 100 тоннадан аса ет ұсынды
Батыс Қазақстан облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
“Сахнаға шығартпады“. Сырым Исабаевтың Қайрат Нұртаспен сыйыспай қалғаны рас па?
Фастфуд емес: ағзаның қартаюын тездететін тағамдар аталды
«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)
Абай облысында екі ауылдың 28 отбасы қоныс тойын тойлады
Көктайғақтан Қарағанды-Астана бағытында 700-тен астам көлік жолда тұрып қалды
“Аса қауіпті“. Қандай адамдарға моншаға баруға болмайды?
Ішімдікке сылқия тойып алған жас жігіт көлік ұрлап, жол апатын жасады
Теміртау маңында 700-ден астам көлік жолда қалып қойды
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Қатты желден жүк көлігінің тіркемесі аударылып кетті
Астанадан 1 миллион текше метрден астам қар шығарылды
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді