“AMANAT” партиясының белсенділері елімізде су тасқынының салдарын жоюға ат салысқан сарбаздарды марапаттады

“AMANAT” партиясының белсенділері Атырау облысында су тасқынының салдарын жоюға ат салысқан сарбаздарды марапаттады. Ұлттық ұлан Орталық өңірлік қолбасшылығының 5451 әскери бөлімінің 500-ден астам жауынгері су тасқынынан зардап шеккен аудан тұрғындарына көмектесті. 1 ай бойы өзен жағаларын бекітіп, бөгет тұрғызды. Тұрғындарды қауіпсіз аумаққа көшірісіп, селден кейін көшелерді тазалады. Сондай- ақ Атырау, Құлсары секілді қауіпті ошақтарда тасқынмен күресті. “AMANAT” партиясының өкілдері ұландар мен офицерлердің құрметке лайық еңбегін жоғары бағалап, отансүйгіштіктерін ерекше атап өтті. Әскери бөлімге тұрмыстық техникалар сыйлады. Ержан ХАМИТОВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ “ЖАСТАР РУХЫ” ЖҚ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: “AMANAT” партиясы 41 млн- нан астам теңге көлемінде гуманитарлық көмек жіберді. Петропавл қаласына арнайы барып Солтүстік Қазақстан облысына арнайы көмек көрсетіп келдік. Сонымен қатар біздің облыстық, қалалық аудандық мәслихат депутаттары бірдей жұмылып арнайы гуманитарлық көмек жіберді”. Өміржан ҒАБИТ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ ОРТАЛЫҚ ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫ 5451 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ КОМАНДИРІНІҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:“5451 әскери бөлімінің жеке құрамы Атырау облысының Атырау қаласында және Құлсары қаласында бізге қойылған тапсырма бойынша қызметтерін атқарып келді. Құлсары қаласында 120 дан астам әскери қызметші ол сол Құлсары қаласында су тасып кеткеннен кейінгі қоғамдық тәртіпті қаматасыз етуде, мародерство дейміз ғой сондайдың алдын алу жұмыстарын атқарды”.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Күретамыр» – ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған туынды
Өзгенің банк картасын пайдаланған алаяқ ұсталды
5 жылдан кейін еліміздің транзиттік тасымалы қалай өзгереді
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Мені ешкім өзбек деп ойламайды | Айтысты көп көрдім – қазақшам жақсарды | 4 тілді жетік білемін
Алматыда бірнеше аудан жылусыз қалды