Елімізде студенттерге арналған 7 жатақхана апатты жағдайда. «AMANAT» партиясы "Жастар Рухы" жастар қанаты 230-дан аса жатақханаға мониторинг жүргізген. Тағы 7 нысанда санитарлық норма сақталмағаны анықталды. Мониторинг жұмыстары жыл соңына дейін жалғасады. Партиялықтар жөндеуді қажет ететін жатақханаларға қатысты тиісті мекемелерге ұсыныс жолдамаймыз – дейді. Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ТӨРАҒАСЫ: Ең қатаң, шектен шығып жатқан, қателіктер мен түзетулерді қажет еткен жағдайлар болатын болса, ол депутаттық сауал ретінде Үкіметке жолданатын болады. Яғни бұл жұмыстардың мақсаты – жастарымыздың білшім алуына, жастарымыздың дұрыс жағдайда өмір сүруіне жағдай жасау.