«АМАNАТ» партиясының белсенділері тәртіп сақшыларымен бірге рейд жүргізді

Оралда жол апаты азаяр емес. Жыл басынан бері 349 жол-көлік оқиғасынан 84 адам мерт болған. Оның жетеуі - бүлдіршін. Ал жарақат аланғандар саны - 426. Осындай қайғылы жағдайдың алдын алу үшін «AMANAT» партиясы жанындағы "Жастар Рухы" жастар қанатының мүшелері полициямен бірлесіп, қала мектептеріндегі қауіпсіздікті күшейтуге кірісті. Жастар мектеп оқушыларына арнайы ескерту парақтары мен жарық шағылыстыратын жолақтар мен жапсырмаларды таратты. Сонымен қатар ата-аналар мен көлік жүргізушілеріне барынша сақ болуды ескертті. Бүгінде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы ел аумағында өткізіліп жатыр. Архат ИСЛАМҒАЛИ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ БҚОФ ТӨРАҒАСЫ: Облысымыз бойынша 361 мектептің аумағында мониторинг жұмыстарын жүргіздік. Сол жерде біз ашық люктер, ашық трансформаторлар немесе тағы да басқа балалар өмірі үшін қауіпті аумақтарды кездестіріп, яғни ашық люктерді жауып, ашық трансформатордың ток соғу қаупі бар жерлерді арнайы құзыретті органдарға хат жазу немесе тапсырма беру арқылы сол жерлерді балалардан оқшаулау, қауіпсіздендіру мақсатында жұмыстар жүргізілді. Қарағандыда да құқыққорғаушылар мен аманаттық белсенділер рейдке шықты. Бірлескен акция барысында барлық түнгі клубтар мен компьютерлік ойын алаңдары қамтылды. Мұндай мекемелердегі жарқ-жұрқ еткен бейнелер мен көңілді әуендер жасөсіпірімдерді тартады, дейді партия мүшелері. Келушілердің құжаттарын тексеру бірқалыпты өтті. Кәмелетке толмағандар анықталмаған. Олардың мұндай жерлерде кешкі сағат 10-нан кейін жалғыз жүруіне болмайды. Өйткені ересектердің қарауынсыз қалса, қылмыстың құрбаны болу қаупі жоғары.Асқар ОРАЗБЕКОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ҚОФ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Бұл рейдтер бізге тек жастар ғана емес, түнгі демалыс орындары мен ойын кафелерінің қожайындары да әлеуметтік жауапкершілікпен қарау керектігін көрсетті. Біз Қарағанды облысының полиция департаментімен бірлесе отырып, апта бойына аралап, рейд өткізуді жоспарлап отырмыз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қалың тұман кезінде жылдамдықты сақтамаған: Алматы облысында 18 көлік соқтығысып қалды
Асылбек Нұралин Мәжіліс депутаты болды
Жеңімпаз атанған 100-ден астам спортшы Париж Олимпиадасы медалін қайтарып берді
Алматыда шоқындыру рәсімі күні суға түсуге арналған 10 орын белгіленді
Алматыда Ішкі істер министрі Тәлімгерлер кеңесімен кездесті
Өткен жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 1,1 млн астам қызмет алды
2025 жылы елімізде 19 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған
Былтыр еліміз тұрғын үй құрылысы саласында рекордты көрсеткішке қол жеткізді
Алматылық 75 жетекші мен әдіскер мектепке дейінгі білім берудің халықаралық тәжірибесін меңгерді
15 қаңтарға арналған ауа райы болжамы: жел күшейіп, тұман түсіп, қар жауады
Президент Оңтүстік Корея екінші әрекетте тұтқындалды
Қылмыстық кодексте жаңа бап пайда болады
“Бірінші өздеріңді тазалап алыңдар“. Депутат Жаңбыршин жемқорлық туралы баяндама жасаған Антикор өкіліне
"Бухгалтерлер мұғалімдерге жалақы төлерде заң бұзады". Депутат мектептегі жемқорлықты көтерді
Қазақстанның бірқатар өңірінде қасқыр аулауға рұқсат берілді
Сыбайлас жемқорлардың аты-жөні енді жария тізілімде болады
Сыбайлас жемқорлық жасағандардың аты-жөні жария тізімге енгізіледі
"226 қызметкер жауапқа тартылды". ІІМ дәріханаларды тексерді
Танымал актриса өз үйінде тірідей жанып кетті
"Жомарт жан" былтырды қорытындылап, биылғы бағытын белгіледі
Мәжілістің жаңа депутаты ант берді
Қазақстанда қорқытып сыйақы алғандар жауапқа тартылады
БҚО-да улы зат тиеген жүк көлігі аударылып қалды
Алматы облысындағы ірі жол апаты орнында түсірілген кадрлар пайда болды