"Қауіпсіз қоғам". Осындай атаумен Өскеменде «AMANAT» партиясының депутаттары мен "Жастар рухы" жастар қанатының қатысуымен акция өтті. Онда партиялықтар бір күнде бірнеше заңбұзушылықты әшкереледі. Сонымен қатар жасөспірімдердің түнгі уақытта клубтарда, көшелерде жүру деректері де тіркелді. Партиялықтар оның алдын алу мақсатында қаладағы барлық студенттер жатақханасын аралап, жастардың құқықтары мен міндеттерін түсіндірді. Сондай-ақ тұрғындармен де кездесті. Оларға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы айтты. Гүлнұр ТҮСУПОВА, ҚАЛАЛЫҚ ЕРТІС ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: Қазір "Мен сіздің учаскелік полиция қызметкеріңізбін" акциясы жүріп жатыр. Учаскелік инспекторлар әр пәтерді аралап жүр. Олар өз аймақтарындағы төбелеске, қылмыс жасауға бейім жастарды, кәмелет жасқа толмағандарды білуі керек. Қорлан ТОҒАМБАЕВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ШҚОФ ЖР ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Біз барлық ата-аналарды балаларының бақылауында ұстауға шақырамыз. Қандай әлеуметтік желіні пайдаланатынына дейін білу керек. Қазір синтетикалық есірткінің саудасы қызып тұр. Біз тұрғындарды заңға бағынуға шақырамыз. Ал егер қандай да бір бұзушылықтар байқасаңыздар, 102 сенім телефонына хабарласуды ұмытпаңыз.