Қызылорда қаласындағы №3 қалалық емхананың кәріз жүйесі 10 жылдан бері жөндеу көрмеген. Соның салдарынан қыстың күндері іші салқын болатын. Ыстық су да мүлде ақпайтын еді. Бұл қызмет алушыларға ғана емес, ақ халаттылардың жұмысына да едәуір кедергі келтірді. Бақытбек Бекбасаров осы емханадан ем алады. Күрделі мәселені көріп, көтерді. Бақытбек БЕКБАСАРОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Ем алып жүргенде іші маған қыстың күндері салқын көрінді да. Подвалдың астына түстім. Шынынан да трубаларының барлығы шіріп кеткен ризинкамен орап қойыпты, сыммен тартып. Соның өзінде тамшылап тұр екен суы. Шыққаннан кейін депутаттарды жағаладым. AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауына барған қала тұрғыны фракция мүшелеріне шағымын жеткізген. Нәтижесінде емханаға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, түбегейлі шешімін тапты. Әмірхан ТОБАҒАБЫЛОВ, №3 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: Табиғи газбен жылитын екі бу қазандығымыз бар. Ақша бөлініп жергілікті бюджеттен. 800 метр жылу құбырларымызды ауыстырдық. 300 метр кәріз құбырларын ауыстырдық. Ыстық су құбырларын ауыстырдық 250 метр. қазіргі таңда іш жылы, жақсы. халықтан да ешқандай наразылық жоқ.