«AMANAT» партиясының фракциясы Президент Жолдауларының орындалуы туралы Үкіметтің ақпаратын тыңдады

«AMANAT» партиясының фракциясы Президент Жолдауларының орындалуы туралы Үкіметтің ақпаратын тыңдады

Биыл мемлекеттің экономикадағы үлесі 14%-ға дейін қысқарды, 600 мыңнан астам отандасымыз жұмысқа орналастырылды, бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылды. Мемлекет басшысының Жолдаулары қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Мәжілістегі «AMANAT» фракциясының кеңейтілген отырысында баяндады.Сөз басында Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов фракцияның кеңейтілген отырысын аша отырып, былтырғы референдумда халық Мемлекет басшысының саяси реформаларын толық қолдағанын және жаңарған Ата Заң ауқымды өзгерістердің бастауы болғанын атап өтті. Сондай-ақ, ол Мемлекет басшысы әр Жолдауында елімізде әділдік пен демократия принциптерін орнықтыру және нығайту жолында жүйелі түрде, кезең-кезеңімен жағдай жасап келе жатқанын алға тартты. «Мемлекет басшысының бастамасымен биыл алғаш рет жеңіске жеткен партия Премьер-Министрдің кандидатурасын ұсынды. Бүгін жаңа саяси маусымның қарсаңында біз тағы бір дәстүрді бастағалы отырмыз. Алғаш рет фракция отырысында Президенттің жолдаулары мен сайлауалды бағдарламаларының орындалуы жөнінде Премьер-Министрдің ақпаратын тыңдайтын боламыз. Сондықтан басым дауысқа ие болған партия ретінде фракция отырысына Үкімет басшысын арнайы шақырып отырмыз», – деді Ерлан Қошанов. Премьер-Министр Әлихан Смайылов Президент жүктеген міндеттерді орындау бойынша Үкіметтің атқарған жұмысын баяндады. Ол экономиканы дамыту, кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығы мен өндірісті қолдау, азаматтардың табысын арттыру, әлеуметтік саясатты жақсарту, жұмыспен қамту, өңірлердің инфрақұрылымдық дамуы мәселелерін шешу және жұмыс барысындағы өзге де маңызды бағыттарға егжей-тегжейлі тоқталды. Мәселен, Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны тек соңғы 1 жылда 27%-ға өсіп, 1,8 млн-нан асты. Осы секторда жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны бір жылда 18%-ға артып, 4,1 млн адамға жетті. «Жалпы, бизнес әкімшілік жүктемені азайту бойынша оң өзгерістерді атап өтуде. «Таза парақтан реттеу» қағидаты сәтті енгізілуде. Жаңа реттеуші саясаттың шарттарына сәйкес келмейтін 10 мыңнан астам талап анықталды. Қазірдің өзінде оның 9 мыңы заң аясында алынып тасталды», – деді ол. Үкімет басшысы ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау бойынша жүйелі шаралар қабылданып жатқаны туралы айтты. Саланы субсидиялау көлемі 430 млрд теңгеге дейін өсті. Президент тапсырмасы бойынша, кейінгі екі жылда пайдаланылмай жатқан және жеке меншікке заңсыз берілген 8 млн гектар ауыл шаруашылығы жерлері қайтарылды. «Ауыл аманаты» арнайы бағдарламасы бойынша ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған ауқымды жұмыс басталды. Осы мақсаттарға 1 трлн теңге, оның ішінде, биыл 100 млрд. теңге бағытталады. Бүгінде 29 млрд. теңге сомасында 5,3 мың шағын несие берілді. Нәтижесінде 4,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды», –деді Әлихан Смайылов. Сонымен қатар, жаңа Әлеуметтік кодекс қабылданды. Ол азаматтарды туғаннан бастап егде жасқа жеткенге дейін әлеуметтік қолдауды көздейді. «Балалары бар отбасыларды әлеуметтік қолдау үшін бала күтімі кезеңі 1,5 жасқа дейін ұлғайтылды. Көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы артты. Бүгінде бұл жәрдемақыны 750 мыңнан астам ана алады. 1 қыркүйектен бастап жалпы білім беретін мектептердің 1-4-ші сынып оқушылары тегін тамақтандырылады. Сондай-ақ, биыл әлеуметтік жағдайы осал отбасылардан шыққан 97 мың баланың балабақшаларда тегін тамақтану мәселесі шешілді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылған адамдарға берілетін әлеуметтік жәрдемақы 23%-ға артты», – деді Үкімет басшысы. Бұл ретте, жыл сайын мұғалімдердің жалақысы 25%-ға, дәрігерлердің жалақысы 30%-ға, орта медициналық персоналдың және басқа санаттағы жұмыскерлердің жалақысы 20%-ға арттырып келеді. Ертеңнен бастап 380 мыңнан астам студенттің стипендиясы өседі. Әлихан Смайылов Президент Жолдаулары халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті. «Мемлекет басшысының алдыңғы жолдауларда берген тапсырмалары жалпы орындалды деп айтуға болады. Жүйелі және ұзақ мерзімді тапсырмаларды іске асыру жалғасуда. Жалпы халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды, жүйелі жұмыс атқарылып келеді. Үкімет Парламентпен бірлесіп, алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру жұмысын жалғастырады», – деді ол. Мәжіліс Спикері Парламенттегі жаңа сессиясының ашылуы қарсаңында осындай жиын өткізудің өте орынды екенін атап өтті. «Қазіргі уақытта Үкіметтің барынша жұмыс істеп жатқанын көріп отырмыз. Ең бастысы, Президент жүктеген міндеттер орындалып жатыр. Азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша оң қарқын байқалуда. Фракция депутаттары Үкіметпен бірге Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жолында осы қарқынды сақтап қалуы қажет», – деп қорытындылады Ерлан Қошанов.

Алматыда демалыс күндерінің жәрмеңкелері модернизацияланды
Алматыда демалыс күндерінің жәрмеңкелері модернизацияланды
  • el.kz
  Қар, тұман, жел: 12 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Қар, тұман, жел: 12 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
  • aikyn
Қызылорда облысында есірткі зертханасы жойылды
Қызылорда облысында есірткі зертханасы жойылды
  • baq.kz
14 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
14 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
  • sn.kz
Илон Маск 439 млрд доллары бар алғашқы адам атанды
Илон Маск 439 млрд доллары бар алғашқы адам атанды
  • el.kz
  Қар, тұман, жел: 12 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Қар, тұман, жел: 12 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
  • aikyn
Тұман, боран: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Тұман, боран: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
  • baq.kz
“Кей уағызшылардың көзін құрту керек“. Айқын Төлепбергеннің эксклюзив әңгімесі
“Кей уағызшылардың көзін құрту керек“. Айқын Төлепбергеннің эксклюзив әңгімесі
  • Massaget
  Роботтар дәуірі басталды
Роботтар дәуірі басталды
  • aikyn
Екі баланы қатар сүндеттегенде жасалатын ырым бар ма?
Екі баланы қатар сүндеттегенде жасалатын ырым бар ма?
  • Massaget
  Қызылорда қысқа дайын болмағаны ма?
Қызылорда қысқа дайын болмағаны ма?
  • aikyn
Қызылорда облысында есірткі зертханасы жойылды
Қызылорда облысында есірткі зертханасы жойылды
  • baq.kz
  Әскерден неге қаштың, бала батыр?
Әскерден неге қаштың, бала батыр?
  • aikyn
Бүгін 13 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Бүгін 13 өңірде дауылды ескерту жарияланды
  • turkystan
  Күйдіргіден қауіп көп
Күйдіргіден қауіп көп
  • aikyn
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
  • el.kz
Жел екпіні күшейеді: құтқарушылар елордалықтарға ескерту жасады
Жел екпіні күшейеді: құтқарушылар елордалықтарға ескерту жасады
  • turkystan
Қалжыңдаймын деп айыппұл арқаламаңыз: ІІМ ескерту жасады
Қалжыңдаймын деп айыппұл арқаламаңыз: ІІМ ескерту жасады
  • Massaget
  Нашақорлықпен күрес күшейді
Нашақорлықпен күрес күшейді
  • aikyn
  Қаншама зират көрдім, ішінде адамы жоқ...
Қаншама зират көрдім, ішінде адамы жоқ...
  • aikyn
Қазақстандықтар қай жемісті көбірек тұтынады
Қазақстандықтар қай жемісті көбірек тұтынады
  • el.kz
Полиция мереке қарсаңында күшейтілген қызмет режиміне көшеді
Полиция мереке қарсаңында күшейтілген қызмет режиміне көшеді
  • Massaget
  Қаржылық сауат балабақшадан басталады
Қаржылық сауат балабақшадан басталады
  • aikyn
  Сырты бүтін» кітабының тұсаукесері өтті
Сырты бүтін» кітабының тұсаукесері өтті
  • aikyn
Қазақстандық жүзушілер әлем чемпионатында бақ сынады
Қазақстандық жүзушілер әлем чемпионатында бақ сынады
  • el.kz
«Төрешілерге наразы»: Қазақ боксшысы Азия чемпионатының марапаттау рәсіміне қатыспады (ВИДЕО)
«Төрешілерге наразы»: Қазақ боксшысы Азия чемпионатының марапаттау рәсіміне қатыспады (ВИДЕО)
  • sn.kz
Арсен Буранчиев келер маусымда «Қызылжардың» жейдесін киеді
Арсен Буранчиев келер маусымда «Қызылжардың» жейдесін киеді
  • aladop.kz
«Челси» қорғаушысы Дисаси: Академия түлектері берілген мүмкіндікті пайдалануы керек
«Челси» қорғаушысы Дисаси: Академия түлектері берілген мүмкіндікті пайдалануы керек
  • aladop.kz
"Біз нәтижелермен келіспейміз". Қазақстан құрамасының бас бапкері АЧ-2024 қорытындылады
"Біз нәтижелермен келіспейміз". Қазақстан құрамасының бас бапкері АЧ-2024 қорытындылады
  • penalty
Жалғас Жұмағұлов UFC-ге оралуға дайын (ВИДЕО)
Жалғас Жұмағұлов UFC-ге оралуға дайын (ВИДЕО)
  • penalty
Туған-туыстарым қалай деп алаңдап отыр – адвокаты Қаржаубайдың жай-күйі туралы айтты
Туған-туыстарым қалай деп алаңдап отыр – адвокаты Қаржаубайдың жай-күйі туралы айтты
  • qaz365.kz
Шерзат Полат ісіндегі екі әйел куәгер болып кетті – адвокат
Шерзат Полат ісіндегі екі әйел куәгер болып кетті – адвокат
  • qaz365.kz
Даниал Ахметов тағы бір қызметінен кетті: 11 желтоқсан 2024, 12:11 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Даниал Ахметов тағы бір қызметінен кетті: 11 желтоқсан 2024, 12:11 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Тоқаев Хромтауда студенттермен кездесті: 10 желтоқсан 2024, 14:43 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев Хромтауда студенттермен кездесті: 10 желтоқсан 2024, 14:43 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Egov.kz-те жаңа қызмет пайда болды: 10 желтоқсан 2024, 14:29 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Egov.kz-те жаңа қызмет пайда болды: 10 желтоқсан 2024, 14:29 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Тоқаев Ақтөбе облысына барды: 10 желтоқсан 2024, 14:08 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев Ақтөбе облысына барды: 10 желтоқсан 2024, 14:08 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Жолаушының ұшақ бортындағы оғаш әрекеті желі қолданушыларын ашуландырды: 28 қараша 2024, 09:29 - жаңалықтар Tengritravel.kz
Жолаушының ұшақ бортындағы оғаш әрекеті желі қолданушыларын ашуландырды: 28 қараша 2024, 09:29 - жаңалықтар Tengritravel.kz
  • TengriNews
«Түрмеге отырып шыққан адам бұрынғыдай болмайды»: Дана Есеева абақтыда отырған күйеуі туралы айтты
«Түрмеге отырып шыққан адам бұрынғыдай болмайды»: Дана Есеева абақтыда отырған күйеуі туралы айтты
  • sn.kz
«Жақсы көрген де жоқпын»: Мақпал Жүнісова марқұм Заманбек Нұрқаділовпен қалай некелескенін айтты
«Жақсы көрген де жоқпын»: Мақпал Жүнісова марқұм Заманбек Нұрқаділовпен қалай некелескенін айтты
  • sn.kz
«Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауы мен «Дарын» сыйлығының жеңімпаздары анықталды
«Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауы мен «Дарын» сыйлығының жеңімпаздары анықталды
  • el.kz
«Төрт баланың анасы, жалғыз»: Белгілі журналист Жұлдыз Әбдікәрімоваға қолдау білдірді (ВИДЕО)
«Төрт баланың анасы, жалғыз»: Белгілі журналист Жұлдыз Әбдікәрімоваға қолдау білдірді (ВИДЕО)
  • sn.kz
«Түрмеге отырып шыққан адам бұрынғыдай болмайды»: Дана Есеева абақтыда отырған күйеуі туралы айтты
«Түрмеге отырып шыққан адам бұрынғыдай болмайды»: Дана Есеева абақтыда отырған күйеуі туралы айтты
  • turkystan
«Зәкеңді жақсы көрген де жоқпын»: Мақпал Жүнісова күйеуге қорыққаннан шыққанын айтты
«Зәкеңді жақсы көрген де жоқпын»: Мақпал Жүнісова күйеуге қорыққаннан шыққанын айтты
  • turkystan
Екібастұзда күйік шалған 10 жастағы баланың ісін полицейлер тергеп жатыр
Екібастұзда күйік шалған 10 жастағы баланың ісін полицейлер тергеп жатыр
  • turkystan
«Қызындай көруі керек»: Мұхамеджан Тазабек ене мен келін тақырыбын қозғады
«Қызындай көруі керек»: Мұхамеджан Тазабек ене мен келін тақырыбын қозғады
  • turkystan