Елордада 3 мыңға жуық адамның қатысуымен «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» форумы өтті. Іс-шараға партия белсенділері мен жақтастары және «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері қатысты.Жиын барысында «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов үгіт-насихат кезеңіндегі қажырлы еңбегі үшін партияластарға алғыс айтып, жастар қанатының жасампаздығы мен белсенділігін ерекше атап өтті. Партия Төрағасы сайлаудан кейін үгіт-насихат плакаттарының орнын нақты істер алмастыру керектігін айтты. Ерлан ҚОШАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Мемлекет басшысының тарихи жолдауына тура бір жыл толды! Ел тағдыры сынға түскен уақытта Президентіміз табандылықпен, тарихи шешімдер қабылдады. Былтырғы жалпыхалықтық референдум мен Президент сайлауы елді де, қоғамды да түбегейлі өзгертті. «AMANAT» партиясы сол оң өзгерістердің қозғаушы күшіне айналды.
Жаңалықтар
































