«AMANAT» партиясының қатары жаңа мүшелермен толықты. Партияның Астана қалалық филиалында жаңа мүшелерді қабылдау салтанатты рәсімі өтті. Білім беру, денсаулық сақтау, үкіметтік емес ұйым өкілдері, жастар белсенділері партия қатарын толықтырды. Астана қаласы бойынша 35 мыңға жуық адам партия қатарында. 263 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді. Филиал төрағасының орынбасары Сақтаған Сәдуақасовтың айтуынша, партия құндылықтары ортақ және елдің болашағына бей-жай қарамайтын адамдардың басын біріктіреді.Сақтаған СӘДУАҚАСОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Барлық азаматтар бағдарламаны түсініп, партияны қолдап, енді болашақта шетте қалмай қоғамға мемлекетімізге, мемлекетіміздің дамуына, Астана қаласының дамуына үлесімізді қосамыз деп, партия мүшесі боп, "AMANAT" партиясының мүшелігіне кіріп жатыр. Әрбір азамат осылай белсенділігін танытып, қоғамдық дамуына, ел дамуына үлестерін қосса. Ержан ӘБДІКӘРІМОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: "AMANAT" партиясына өту себебім, біздің президентіміздің қойған мақсаты және еліміздің болашағы, еліміздің алдыға мақсаты соған байланысты алты партияның ішіндегі үздік болған "AMANAT" партиясы. Соған сенімді артып келіп отырмын. Өткеніме өте қуаныштымын. Дәл осындай партия қатарына қабылдау рәсімі Павлодар қаласында да өтті. 100 адам партия мүшесі атанды. Олардың арасында өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысшылары, қоғам қайраткелері, журналистер мен жастар бар. Өңірде барлығы 213 бастауыш партия ұйымына біріккен 48 мыңнан астам партия мүшесі бар. Санира ЖҮСІПОВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Біздің қалқымыз, біздің тұрғындарымыз біздің қатарымызға қосылып жатыр. Бәрімізге мәлім "AMANAT" партиясы нақты істердің партиясы. Халықты бірліктіретін, мұң-мұқтаждарын жүзеге асыратын және де көптеген "AMANAT" партиясы жобаларды жүзеге асырып келді. Мәдина МҰҚАНОВА, ГИМНАСТИКА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Шын мәнінде өте қатты толқып тұрмын. Партия құрамына кіруге саналы түрде шешім қабылдадым. Өйткені "AMANAT" - бұл нақты істердің партиясы. М. Жодыбалин