«AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне былтыр 100 мың азамат көмек сұрап жүгінген

«AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне былтыр 100 мың азамат арыз-шағымын арқалап келген. Көтерілген мәселенің 55 проценті оң шешімін тапты, -дейді фракция мүшелері. Ұйым шалғайдағы 500 ауылдың тұрғындарын мобильді бөлме арқылы қабылдаған. Сонымен қатар, 5 мың онлайн-трансляция кезінде азаматтар мемлекеттік орган басшыларына мәселелерін тікелей жеткізді. Республикалық қоғамдық қабылдау бөліміне көмек сұрап келген астаналықтың бірі - Дәулет Керейбаев. Ол - LikeKomek қайырымдылық дүкенінің негізін қалаушы. Былтыр оның 8 дүкені халықтан жинаған 160 тонна киімді мұқтаж жандарға таратып берген. Бүгінде қала бойынша 50-ден астам киім қабылдайтын бокс орнатылған. Келіп түсетін киімдердің ішінде киюге жарамайтындары да табылады, - дейді ол. Ендігі мақсаты - қажетсіз маталарды қайта өңдеу зауытын ашу. Дәулет КЕРЕЙБАЕВ, КӘСІПКЕР:  2023 жылы біз партия «AMANAT»-қа хат жазып, кездесіп партиямен, бізге қазір көмек көрсетіп отыр. Мысалы, Кенесары 25-те партия бөлімшесінде осындай бокс орнаттық. Және де Жеңіс Қасымбековичпен кездесуге көмек көрсетті. Сол арқылы бізге кредитование арқылы газель берілді. Роман Склярмен кездесіп, қазір киімді қайта өңдеу заводын ашайын деп жатырмыз. Партияның республика бойынша 226 қоғамдық қабылдау бөлмесі бар. Былтырғы жұмыстың қорытындысы бойынша, көмекке жүгінгендердің 63 проценті – әйел. Екінші кезекте - көпбалалы аналар мен толық емес отбасылар. Олардың үлесі – 21 процент. Зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар да қоғамдық қабылдауға жиі келеді. Осыған дейін көмек сұрап келгендердің 14 проценті жан-жақты қолдау тапқан. Мөлдір ДӘУЛЕТОВА, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНІҢ: Былтыр заңнамалық қолдауға бағытталған «Құқықтық көмек» партиялық жобасын іске асырдық. Жыл ішінде 2 мың кездесу өткізіп, 6 мың азаматқа құқықтық көмек көрсеттік. Атап айтқанда, толық заңнамалық көмек, құжаттарын рәсімдеу, медиативті келісім және ауызша кеңес беру. 2023 жылы республика бойынша 24 мыңнан астам қоғамдық қабылдау өткізілген. «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелері әр деңгейдегі мемлекеттік орган басшылары мен халықты байланыстырушы көпірге айналып отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Аса ірі көлемде есірткі таратқан қарағандылық сотталды
Перизат Қайраттың қымбат пәтерлері мен көліктері тәркіленді - ҚМА
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай өтетін іс-шаралар белгілі болды
Қазақстан-Қытай шекарасының жұмысы тоқтатылады
Еліміздің 16 өңіріне дауылды ескерту жасалды
«Америка дауысының» жетекшісі өзгерді, оның Қазақ радиосына қандай қатысы бар?
Шымкентте әйелін буындырып өлтірген ер адамға үкім шықты
Перизат Қайраттың қымбат мүліктері бұғатталды
Биыл қазақстандықтар емханаға 103 млн рет жүгінген
Қазақстан мен Марокко қылмыстық-құқықтық саладағы келісімдерге қол қойды
Mercedes, Rolex, Gucci – сот Перизат Қайраттың бірқатар мүліктерін тәркіледі
Алғабаста 4 мың тұрғынға арналған сумен жабдықтау құрылысы аяқталды
Шымкентте 50 жастағы ер адам бір жыл бұрын үйленген келіншегін буындырып өлтірді
Перизат Қайраттың элиталық пәтерлері, қымбат көліктері бұғатталды
Перизат Қайраттың қымбат әшекей бұйымдары тәркіленді
Өзбекстан боксшысы тістеп алған Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы атанды
Тәуелсіздік күні мен Жаңа жылға орай қосымша рейстер іске қосылады
Перизат Қайраттың қымбат пәтерлері мен көліктері тәркіленді - ҚМА
Алматы облысындағы зауытта жұмысшының аяғы рельстің астында қалып қойған
Перизат Қайраттың мүлкіне шектеу қойылды
Мереке күндері қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Су дипломатиясы: көршілермен ынтымақтастық және халықаралық бастамалар қандай
Синоптиктер Алматы тұрғындарына ескерту жасады
"Tasqyn": Су тасқынын болжайтын ақпараттық жүйе әзірленіп жатыр