Қостанай облысында «AMANAT» фракциясы 4 айда 86 отырыс өткізіп, 348 ұсыныс қабылдаған. Оның 260-ы оң шешімін тапқан көрінеді. Билік партиясының Тобыл өңіріндегі өкілдері тоғыз жүзге тарта қоғамдық қабылдау жүргізсе, соның 267-сі мәслихат депутаттарының еншісінде. Сондай-ақ партиялық жобалар да сәтті жүзеге асып жатыр. Мәселен «Бақытты отбасы» аясында екі мыңнан астам балаға жәрдем көрсетілді. «Кедергісіз келешек» жобасы шеңберінде 580 іс-шара өткізілді. «Жер аманаты» бойынша 500 мың гектар жер қайтарылған. Тағы 330 мың гектар межеде тұр. «Ауыл аманаты» да жүйелі жүзеге асуда. Қазіргі таңда 1 миллиардқа жуық теңгенің 200 өтінімі мақұлданған. «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы да назардан тыс қалған емес. «AMANAT»-тың депутатық корпусы қайырымдылық шараларға да атсалысып келеді. 60 баланы жазғы лагерьге жіберіп, Батыстағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қол ұшын созды. Абай облысына алғашқылардың бірі болып 20 тонна гуманитарлық көмек жіберілді. Қырмызы ЖАҢБЫРШИНА, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:Аудандық мәслихат, облыстық, қалалық мәслихат депуттары өздерінің жоспарларына сәйкес халықпен кездесу өткізеді. Сол жасалынған нәрселерді, болатын мәселені талқылап, әрине мейлінше қолдарынан келгенше атсалысады. Билікке жеткізеді.