«AMANAТ» партиясының мүшелері бір күнін жазғы тынығу-сауықтыру лагерінде өткізді. Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы бастауыш партия ұйымының мүшелері 7 топқа бөлініп, арқан тартып, ләңгі тепті. Балалық шақтарын еске алып түрлі ойындар ойнады.Қаншагүл МҰСТАФАЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАЛАҒАШ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ: Партия мүшелерінде үлкен қызығушылық бар. Өйткені бала кезінде ойнады, бірақ сол ойында ұмыт болған солардың өздерінде де. Дәстүрлі ойындарымыз, ұлттық ойындарымыздың бәрі еш уақытта өзінің құнын жоймайды. Ата-бабамыздан қалдырған мұрасын ұрпаққа жеткізу біздің мақсатымыз. Партия мүшелері әдемі ойын өрнегін көрсетіп қана қоймай, балаларға ұлттық құндылықтарды дәріптеді. Тынығушыларға күбі шайқау, құрт жасау, жүн сабаудың қыр-сырын үйретті. Малдың қиына нан жауып, бауырсақ пісірді. Рухани азық алып, кітаптан оқығанын өз қолдарымен жасап көрген балалар дән риза. Шаттық ТЕМІРШЕҚЫЗЫ, «АҚТЕРЕК» ЛАГЕРІНІҢ ТЫНЫҒУШЫСЫ: Апай-ағайларымыз ұлттық өнерге үйретіп жатыр, қазақи. Мен осы лагерге келгенімен ешқашан да өкінбеймін. Бұл жақ өте қызық. Келешекте бұл маған өте қатты пайдаға жарайды деп ойлаймын.