«AMANAT» партиясының қолдауымен Алматыға Екібастұздан келген оқушылардың қысқы демалысы жалғасуда. Бұл жолы балдырғандар әлемдегі ең үлкен жасанды мұз айдыны – Медеуге барды. Саф ауа, тұмса табиғат, теп-тегіс, жып-жылтыр мұз. 50 жылдық тарихы бар «Медеу» спорт кешені кім-кімді болсын өзіне бірден баурап алады. Екібастұз қаласынан келген кішкентай қонақтар мәз-мейрам. Олар сырғанақ теуіп, көңіл көтерді. Нұрсая Боранбек – 15 жаста. Бұл -оның Алматыға алғаш келуі. «Сапар барысында жаңа достар таптым»,- дейді ол. Нұрсая БОРАНБЕК, ОҚУШЫ: Алматыда ешқашан болған жоқпын. Бірінші рет келдім. Медеу өте әдемі, ұнады. Ауасы басқаша және таза. Таулары өте әдемі. Мұздары өте сырғанақ, күшті. Кеше біз циркке барғанбыз, кешеден алдын бассейнге барған едік. Бәрі ұнап жатыр. 30 бала үшін 9 қаңтарға дейін түрлі ойын-сауық бағдарламалары жоспарланған. Ұйымдастырушылар қызықты да пайдалы қысқы демалыс жеткіншектердің көңілінен шығуы үшін барынша тырысуда. Азат ӘЖІМАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ МЕДЕУ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ: Бұл балалар өзіміздің Медеу ауданындағы «Қазақстан» шипажайында орналасқан. Ол жерде барлық жағдай бар. Бассейн, минералды су, қажетті ем-шаралар қарастырылған. Басты мақсаты – қысқы демалыс бір жағынан. Екібастұздағы жағдайдан сәл ойы дұрыс болсын деген мақсатпен ұйымдастырылған шаралар. М. Жақан