«AMANAT» партиясының 20 мыңға жуық мүшесі, оның ішінде «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері мен партия жақтастары үгіт материалдарын жинауға арналған ауқымды акцияға кірісті.Бір айға созылған сайлау науқанында барлық саяси партия мен бірмандатты округтер бойынша кандидаттар үгіт-насихат жұмысын белсенді жүргізіп, ел бойынша бірнеше миллион плакат жапсырған. Елордалықтар сол жарнамалық парақшалардың бірін қалдырмай жинауға кірісті. Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ: «AMANAT» партиясы 6 миллионнан астам материал таратты. Бұл- бір. Бұның барлығы жабыстырылды. Бұл-екі. Сонымен қатар, коммуналдық қызметтерде істейтін сіз бен біздің замандастарымызға, әріптестерімізге біздің тарапымыздан көмек болсын. Олардың онсыз да жұмысы көп. Біз өзіміздің артымыздан өзіміз тазалап, өзіміз тазартып кеткенді жөн көрдік. Бұл- тек қана біз үшін емес, сонымен қатар, өзге де саяси күштерге, саяси партияларға біздің тарапымыздан ұран. Айта кетейік, плакаттарды жинау жұмысы еліміздің барлық өңірінде жүріп жатыр. Бұл шарадан партияның Атырау қаласындағы өкілдері де шет қалмады. Тек облыстың өзінде 230 мыңдай үгіт-насихат парақшасы шығарылған. Соның 85 мыңнан астамы жапсырылған. Белсенділер базарлардағы, сауда орталықтарындағы және тұрғын үйлердің аулаларындағы плакаттарды жинап жатыр. Абылай ҚҰРМЕТҰЛЫ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ АОФ ТӨРАҒАСЫ: 1 ай бойы жапсырылған үгіт-насихат баспа материалдарын жинауға шықтық. Ол біздің экологияға жанашырлығымызды білдіреді. Себебі әлемдегі қоқыстардың төрттен бірі қағаз өнімдерінен шыққан қоқыстар екен. Сондықтан біз бір ай бойы жүргізген үгіт насихаттарымыз аяқталғаннан кейін барлық бір ай бойы облыстағы, соның ішіндегі, қаладағы, аудандағы, ауылдық округтердегі жапсырылған материалдарды белсенділер болып жинап алатын боламыз. +Сол жиналған қағаздардың бәрі утилизацияға жіберілетін болады. Акцияға шымкенттіктер де қосылды. Мегаполисте сайлау науқанында партияның 352 мыңға жуық материалдары жапсырылып, таратылған. Ол жұмыстарға 580 жас атсалысқан. Көше бойларындағы үгіт-насихат парақшаларын жинастыруға кіріскен жастар түске дейін саяси науқанды құлақтандырған дүниелердің 30 процентін жиып үлгерді. Бақытжан ТҰРЫСБЕК, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ БЕЛСЕНДІСІ: Жалпы бұл акция бізде 2 немесе 3 күнге созылатын болады. Жаңағы жұмыс істеген жастардың барлығын жұмылдырып, қаланың тазалығына өз үлесімізді қосып, осындай жапсырылған жаңағыдай шиттерде , болмаса жапсырылған арнайы орындарда, дүкендерде, дүңгіршек жалпы барлық жабыстырған жерлердің барлығын тазалауға біз атсалысып жатырмыз. Айта кетейік, бұл бастаманы партия Төрағасы Ерлан Қошанов жақында өткен «Халықпен бірге!» форумында көтерген болатын.