«AMANAT» партиясының өкілдері Абай облысына гуманитарлық көмек жіберуде. Аймақтарда арнайы көмек қабылдау пункті ашылды. Жергілікті тұрғындар қол ұшын созып, көмек көрсетуде.Павлодардан Абай облысына 40 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілмек. Апаттан зардап шеккендерге азық-түлік, гигеналық заттар, дәрі-дәрмек тұрмысқа қажетті басқа да бұйымдар жіберілді. Өңірдің қалталы азаматтары мен депутаттар, жергілікті тұрғындар белсенділік танытуда. Барлығы 15 млн теңге жиналды. Гуманитарлық көмектен «AMANAT» партиясының облыстық филиалы да тыс қалған жоқ. Мәслихат депутаттары мен бастауыш партия ұйымдарының өкілдері қаржылай қолдау көрсетті. Айгүл МӘЛІКОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ПОФ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ: Ешкім партияластардан алыс қалған жоқ. Бәрі қолдауда. Сондықтан, ең басты жерлестерімізге тілейтінім тезірек осы апат аяқталып, бәріміз жұмыс ретиміне кіріп, әрқашан апаттар болмасын деп тілейміз. «AMANAT» партиясының Қарағанды облыстық филиалының белсенділері ең қажетті заттарды жинауға кірісті. Көмек пункті тек ұзақ уақыт сақталатын азық-түлік пен гигеналық заттар, дәрі-дәрмектер ғана қабылдауда. Абай облысындағылар көбінесе көз, мұрын тамшылары мен ауырсынуды басатын препараттар мен лимонад сұратыпты. Бекзат АЛТЫНБЕКОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚОФ ТӨРАҒАСЫ: Жалпы қарағандылықтар оның ішінде «Amanat» партиясы бүгін міне Абай облысында алапат өрттен зардап шеккен жерлестерімізге отандастарымызға көмек қолын созуда. Гуманитарлық көмек қабылдау пунктін ашып жұмыс жасады.Алғашқы көмек келіп жатыр. Жалпы қарағандылықтар қайғыны бөлісе білетін, қуанышқа ортақтаса білетін азаматтар екенін айтқымыз келеді. Ал Өскеменнен бүгін ең қажетті заттар тиелген тағы бір керуен Абай ауданына жөнелтілді. «АМАНАТ» партиясы Шығыс Қазақстан филиалының бастамасын волонтерлар мен жастар ұйымдары, атқарушы органдар, кәсіпорындар және белсенді тұрғындар қолдады. Көмек керуенімен бірге волонтерларда жедел штаб орналасқан Бородулиха ауданына аттанды. Қорлан ТОҒАМБАЕВА, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ШҚОФ ТӨРАҒАСЫ: Төтенше жағдайға байланысты біз бүгін үшінші рет гуманитарлық көмекті апара жатырмыз. Осы демалыста бір газель гуманитарлық көмекпен волонтерларды тиіп барып көмек көрсетіп қайттық. Сол жерге барып нағыз қандай ситуация болып жатқанын байқап моникоринг жасап қайттық, көмектесіп қайттық. Қостанай облысы да гуманитарлық көмек жөнелтті. Онда азық түлік, тұрмыстық химиялық заттар мен киім-кешектер бар. 20 тоннаға жуық жүкті жинауға өңір тұрғындары, ірі кәсіпорындар атсалысты. Бибігүл АҚҚОЖИНА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚОФ ТӨРАҒАСЫ: Абай облысында орын алған апатты жағдай барлығымыздың қабырғамызды қайыстырды.Апат айтып келмейді. Біз Қостанайлықтар оны жақсы түсінеміз.Бүгінгі таңда «AMANAT» партиясының мүшелері, аудан, ауылдардан өз еріктерімне көмек қолын созам деушілерден гуманитарлық көмек жинаудамыз. Киелі Абай облысының халқына Алла сабыр берсін. Тек жақсылықта кездесейік. Гуманитарлық көмек көрсету жалғаса береді.