Бокс пен кикбоксингтен шеберлік сағаты өтті. Шараны «AMANAT» партиясы Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай ұйымдастырды. Оған 4 пен 18 жас аралығындағы ерекше қажеттілігі бар жандар қатысып, өнер көрсетті. Басты мақсат – қатысушылардың көңіл-күйін көтеріп, жігерлендіру дейді ұйымдастырушылар. Бұндай шаралар еліміздің түкпір-түкпірінде өткізілді. Жаттығу көрсеткен спортшылар естелік сыйлықтарға ие болды.Дәулет КӘРІБЕК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ: Ең бастысы осы біздің болашағымыз адами капиталымыз балалар болғандықтан біз үнемі қолдау көрсетіп ауылдағы спорт клубы білім алуын мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерді қолдау секілді үлкен-үлкен мәселелердің барлығы сайлау алды бағдарламасына енгізіліп қазіргі таңда біздің фракцияның атынан және бізде мәжілістегі біздің депутаттарымыз арқылы осы іске асуда. Амал ЕСКЕНЕЕВ, ҚАТЫСУШЫ: Бүгінгі тренинг өте қиын болды, бірақ қалай айтсам жағымды, маған ұнады. Иә, мен бақыттымын.