«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Қызылорда облысында болды. Өңірде педагогтарымен, ғалымдарымен, шаруалармен және спортшылар қауымымен бірқатар кездесу өтті.Аймақтағы педагогтармен өткен кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасының басымдықтары талқыланды. Білім беру саласындағы мәселелер айтылды. Ерлан ҚОШАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Тәртіп болу керек мемлекетте, заң үстемдік құру керек. Ол үшін соған біздің қоғамымыз дайын болу керек. Ал қоғамды дайындайтын, болашақ ұрпақтарды солай дайындайтын ол әрине ұстаздар. Сондықтан сіздердің бұл жердегі еңбектеріңіз, еңбектеріңізбен қатар жауапкершіліктеріңіз өте зор. Кездесуге қатысушылар кітапханашылардың, зертханашылардың және басқа да техникалық қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесін қозғады. Бұдан соң партиялықтар «Жан-Арай» көпбейінді агроиндустриялық кешен алаңында Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ ұжымымен және күріш өсірушілерімен кездесті.