«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабы мүшелерінің өңірлердегі сайлаушылармен кездесуі жалғасуда. Бүгін партиялықтар Солтүстік Қазақстан облысына барды.Штаб мүшелері алдымен «Қызылжар МТС Агро» ЖШС алаңында өңірдегі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесті. Ерлан ҚОШАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Біз барлық жерде фермерлермен кездесіп жатырмыз. Мәселелері бірдей. Мен бүгін кері байланыс алғым келеді. Мәселелеріңіз бен сұрақтарыңыз болса айтыңыздар. Алдағы уақытта бұл айтылған шаруларды шешуге күш саламыз. Бұдан соң Сарытомар ауылында өткен кездесуде штаб мүшелері зиялы қауым өкілдерімен партияның сайлауалды бағдарламасындағы ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарды дамыту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, Петропавлдағы электротехникалық зауытта болып, қаланың бастауыш партия ұйымдарының мүшелерімен кездесті. Штаб мүшелері атап өткендей, үгіт-насихат науқанының сапасы көбіне бастауыш партия ұйымдарының жұмысына байланысты. Өйткені «AMANAT»-та 4000-ға жуық бастауыш партия ұйымына біріккен шамамен 800 мың азамат бар.